Қаңтардағы азаптау әрекеттерінің басым бөлігі дәлелденбеген

442

Қаңтардағы азаптау туралы 432 істің 56-сы ғана дәлелденген. Оқиғалардың ретсіздігі мен жаппай сипатта болуы тергеу процесіне кедергісін келтірген көрінеді. Тіпті тәжірибелі тергеушілердің өзі көп істі аша алмапты. Салдарынан күштік құрылымдардың күдіктілерді азаптау әрекеттері бойынша түскен арыздардың басым бөлігі қанағаттандырылмаған. 

Қаңтардағы азаптау әрекеттерінің басым бөлігі дәлелденбеген

Бұл туралы бүгінгі Мәжіліс отырысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы мәлімдеді. 

Олжас Бектенов "Арызданушылардың көбі өздеріне күш қолданған полицейлердің жүздерін де көрмеген, есімдерін де білмейді", - деді. Себебі тергеуде басым бөлігі бетперде мен каска киген полицейлерді нұсқаған. Көптеген бейнекамералардың жұмыс істемеуі де тергеуді айтарлықтай қиындатқан.

"Тергеу нәтижелері бойынша 347 іс қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылды, себебі қызметкерлердің заңсыз әрекеттері туралы жеткілікті объективті деректер анықталған жоқ. Қадағалаушы прокурорлар процестік шешімдерді бекітті, Қылмыстық-процестік кодекске енгізілген өзгерістерді ескере отырып, Прокуратура органдарына барлығы 56 қылмыстық іс жіберілді", деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектенов.  

Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің іс-әрекетіне қатысты арыздардың көпшілігі 1 ай немесе одан да көп уақыттан кейін түскен. Арасында 45 күннен кейін шағымданғандар да болыпты. Бұл дәлелдеу процесін едәуір қиындатты,- дейді құзырлылар. Жаппай тәртіпсіздік кезінде өздерінің жасаған заңсыз әрекеттері үшін қылмыстық жауапкершіліктен құтылу мақсатында азаптау туралы арызданғандар да кездескен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу