Қарағандыда 36 жастағы электриктің өлімінің себептері анықталуда

476

Ол электр сымдарын ауыстырып жатқан уақытта тоққа түсіп, көз жұмған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қарағандыда 36 жастағы электриктің өлімінің себептері анықталуда Фото: pixabay.com

Марқұмның туыстары Айдос Нүсіпбеков жұмыс істеген компания басшылығын кінәлап отыр.

Оқыс оқиға көшедегі желілерді ауыстыру кезінде болған. Марқұмның серіктесінің айтуынша, бастапқыда бәрі жоспар бойынша болған. Олар кедергі келтіріп тұрған бұтақтарды кесіп, әуе платформасындағы сымдарға жақындай бергенде, кенеттен Айдос Нүсіпбековті тоқ соққан.

"Мен Айдостың айқайлағанын естідім. Қарасам оны тоқ соғып, аздап дірілдеп тұр екен. Мен не істерімді білмедім. Ол сымды бірден босатып, асылып тұрып қалды. Мен оны көтеріп, жерге жатқыздым. Біз оған жасанды дем беріп, массаж жасадық. Басында тамыр соғысы болған сияқты еді, бірақ жедел жәрдем келгенше көз жұмды", – дейді марқұмның әріптесі Ернұр Еспай. 

36 жастағы Айдос Нүсіпбеков энергетикалық мекемеде 10 жылдан астам уақыт әуе желісінің электрикі болып жұмыс істеген. Айдостың артында жұбайы мен үш баласы қалды. Марқұмның жақындары оның тәжірибелі, ұқыпты маман болғанын айтады. Олар оқиға орнында қауіпсіздік қадағаланса, қайғылы оқиғаның алдын алуға болатынына сенімді.

"Бізге сағат 2-де ғана Айдостың әріптестері телефон соғып, болған жағдай туралы айтты. Компания мен басшылық жұмыс орнының қауіпсіздігіне жауапты болуы керек. Бұл толығымен олардың кінәсі. Енді үстіңгі сымдарды қуатсыздандырған, ал төменгі сымдар өшірілмеген деп отыр. Неліктен оларды ауыстыруды бастамас бұрын тексермеді?", – дейді марқұмның бауыры Дарын Смағұлов.

Апаттан кейін компания шұғыл түрде тексеру жұмыстарын бастады. Арнайы комиссияны мемлекеттік еңбек инспекторы басқарады. Желілердегі тоқты өшіру марқұм электриктің міндетінде болмағаны анықталды. 

"Барлық қажетті өшірулерді жасап, осы әуе желісін де өшіру және жұмыс орнын дұрыс дайындау қажет. Қауіпсіздік ережелеріне сәйкес кернеудің жоқтығына көз жеткізгенннен кейін ғана жұмысты бастау қажет", – дейді "Қарағанды ​​Жарық" ЖШС сенімділік және қауіпсіздік қызметінің басшысы Виталий Журавлев. 

Полиция оқиғаға қатысты "адам өліміне әкеп соққан еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу