Қазақ күресін мектеп бағдарламасына енгізу ұсынылды

1710

Халықаралық Qazaq kuresi федерациясының бас хатшы кеңесшісі Ұлан Рысқұл қазақ күресін мектеп бағдарламасына енгізуді ұсынды.

Қазақ күресін мектеп бағдарламасына енгізу ұсынылды

Әлем бойынша бұл ұлттық спортқа қызығушылылар саны күн санап артуда. Биылғы жылы қазақ күресінен халықаралық федерацияның құрылғанына 2 жыл толды. Осы уақытқа дейін федерация құрамына 29 шетел және екі халықаралық спорт ұйымдары кірді. Жақын арада тағы 10 шетелдік мемлекет қосылуы мүмкін.

Федерацияның елімізде осы спорт түрін дамыту үшін бірқатар ұсынысы бар.

"Қазақ күресін мектеп бағдарламасына енгізу қажет, көптеген мектепаралық сайыстар, клубтарда чемпионаттар ұйымдастырған жөн. Бұл ұлттық спортымыздың дамуына ықпал етеді. Өйткені, қазақ күресі ұлтымыздың абыройы, халқымыздың қазынасы, біздің мақтан тұтар байлығымыз. Демек, біздің алдымыздағы мақсат – оны жоғалтып алмай, керісінше одан әрі дамыту. Бұл ретте, қазақ күресін дамытуды "Рухани жаңғыру" бағдарламасына қосса игі", – дейді Халықаралық Qazaq kuresi федерациясының бас хатшы кеңесшісі Ұлан Рысқұл.

Еске сала кетсек, жуырда ғана Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында қазақ күресінен Азия чемпионаты өткен болатын. Чемпионат қорытындысы бойыша жалпы есепте Қазақстан құрамасы екінші орынды иеленді. Бірінші орын 16 медальмен Моңғолия құрамасында.

Еуропа және Әлем чемпионаттарын сәтті ұйымдастырғаннан кейін, Халықаралық федерация жазғы Олимпиада ойындарының бағдарламасына қазақ күресін қосуға ынталы. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу