2016 жылы 4,5 мың шетел тасымалдаушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Айыппұл халықаралық келісімдер мен Қазақстанның көлік заңнамасын бұзғаны үшін салынды деп түсіндірді инвестиция және даму министрлігі. Оның ішінде 2 мың тасымалдаушы халықаралық келісім нормаларын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылса, 913 ел аумағында каботаж тасымалымен айналысқаны үшін жазаға тартылды
2016 жылдың 15 қазанынан 31 желтоқсанына дейін "Көліктік бақылау отандық тасымалдаушылардың мүддесін қорғайды!" науқаны кезінде Қазақстанның көлік заңнамасын бұзған 1041 шетел тасымалдаушысы (19 мың тасымалдаушы тексерілген) жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 484 тасымалдаушының тиісті рұқсаты болған жоқ. Дәлірек айтсақ, 213 ресейлік, 33 украин, 23 түрік, 25 белорусь, 22 литвалық, 9 латвиялық болса, 156 тасымалдаушы өзге мемлекеттердікі.
"Аталған рұқсат құжаттары халықаралық келісімдерге сәйкес шетелдік тасымалдаушыларға беріледі. Әр ел серіктес-мемлекетке өз елінің аумағына жүк тасымалдауға белгілі бір мөлшерде квота бөледі. Осылайша, мұндай квотаны ала алмаған немесе қолданып бітірген тасымалдаушы компаниялар шетел аумағы бойынша жүк тасымалдай алмайды", – деп түсіндірді мекемеде.