Жемқорлыққа қарсы ведомство балабақшадағы ата-аналар комитетінің ақша жинауын тұрмыстық жемқорлыққа балап, оны алып тастауды ұсынады, деп жазады sputniknews.kz.
Қазақстанның мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жемқорлық әрекеттерге қарсы күрес шараларының бірі ретінде балабақшаларда қаражат жинайтын ата-аналар комитетін алып тастауды ұсынды.
Ведомствоның мәліметінше, білім беру саласы Қазақстанда жемқорлыққа бейімдік индексі бойынша жоғары орынға ие, жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтардың жартысынан көбі мектепалды мекемелерді қаржыландыру кезінде болады.
"Қазіргі уақытта балабақшалар мен мектептерде ата-аналар комитеті белсенді қызмет етуде, олар ұйымдастыру мәселелерімен, оның ішінде ақшалай қаражат жинаумен айналысады. Ақша жинау көлемі мен мерзімін және мақсаттарын білім беру мекемелеріндегі қызметкерлер тағайындайды. Шын мәнісінде, бұл тұрмыстық жемқорлықтың кең тараған түрі, бұған ата-аналар мен білім беру мекемелері қызметкерлерінің санасына еніп кеткен", — делінген ведомство хабарламасында.
Осыған байланысты агенттік Білім және ғылым министрлігіне "ата-аналар комитетін алып тастау мәселесін қарастыруға" кеңес береді, сонымен қатар қамқоршылық кеңестері институтының қызметтерін кеңінен белсенді түрде жүзеге асыруға ұсынады.