Қазақстанда даму кемістігі бар балаларды қолдау үшін ерте араласу моделі енгізілуде

140

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың IV сессиясында айтылған тапсырмаларына сәйкес білім беру және балалардың денсаулығын сақтау мемлекеттік саясаттың басымдықтарының бірі болып белгіленін айта кетейік. 

Қазақстанда даму кемістігі бар балаларды қолдау үшін ерте араласу моделі енгізілуде Фото: ГКБ им. Юдина

Қазақстанда денсаулық сақтаудың бастапқы буыны ұйымдарының базасында өмірдің алғашқы айларынан бастап даму қауіптері мен бұзылулары бар балаларды кешенді қолдауға бағытталған ерте араласу моделі енгізілуде, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Астанада өткен республикалық кеңесте Ерте даму және араласу орталықтарында (ЕДАО) баланың дамуын бағалау жүргізілетіні атап өтілді, оның негізінде ерте араласу қажеттілігі айқындалатын және одан әрі жұмыс жоспары қалыптастырылатын болады.

Әрбір баламен жалпы практика дәрігерлерінен, педиатрлардан, психологтардан, әлеуметтік қызметкерлерден және басқа да мамандардан тұратын мультидисциплиналық команда айналысады.

"Бұл жай ғана жаңа бастама емес — бұл балаларға медициналық көмек көрсету тәсілін өзгертетін стратегиялық бағыт. Сонымен қатар, біз жүйені қосымша жұмыспен жүктемейміз, керісінше, оны өзгертеміз, ұйымдастырушылық процестерді, скринингтер мен патронаждық қызметті жақсартамыз. Мұның бәрі бір нәрсе үшін - әрбір баланың жас кезінен бастап өмір сүру сапасын арттыру үшін жасалады", - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жиналысқа қатысушыларға арналған кіріспе сөзінде.

Бүгінде Қазақстанда 3 жасқа дейінгі 1,6 млн-ға жуық бала тұрады. Денсаулық сақтау министрлігінің дерегі бойынша, олардың 7,7%-ының денсаулық проблемалары бар, 3%-ы бақылауда. Халықаралық деректерге сәйкес (The Lancet) 4 жасқа дейінгі балалардың 8,4%-ында дамудың кешігуі бар. Осы жас санатындағы мүгедектігі бар балалардың үлесі әлемде 4,3%-ды құрайды.

ҚР ДСМ Ана мен бала денсаулығын сақтау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова ерте араласу моделі "диагнозға дейін, мүгедектікке дейін" қағидатына негізделгенін атап өтті. Басқаша айтқанда, баланың денсаулығына әсерін азайту мақсатында ресми диагноз қойылғанға дейін даму қаупін уақтылы анықтау болып табылады. Бұл тәсіл бұзушылықтардың айқын көріністерін күтуге емес - отбасы мен баланы барынша ертерек қолдаудан  бастап алдын-ала әрекет етуге мүмкіндік береді.

Негізгі құрамдас бөліктердің бірі даму скринингтерін, сондай-ақ балалардың даму мониторингі бойынша жаңа нұсқаулықты енгізу болып табылады. Қазір республикада "алғашқы 1001 күн" жобасы іске асырылуда, оның шеңберінде жас балалардың тіркелімі әзірленіп, енгізілуде. Бұл құрал туындаған мәселелерге жауап беруден оларды ерте ескертуге көшуге мүмкіндік береді.

Денсаулық сақтау министрлігі баланың ерте дамуында ең алдымен ата-аналардың үлкен рөл атқаратынын еске салады және "Бақытты ата-аналардың 5 қағидасы: күнде ойнау, сөйлесу, қозғалу, құшақтау және оқу" тәсілін қолдануды ұсынады. Бұл әрбірқ отбасына баланың толыққанды дамуына және эмоционалды байланысты нығайтуға көмектесетін қарапайым және тиімді тәсіл.

Іс-шараға ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева, Сенат спикерінің және ҚР Парламенті Сенаты жанындағы инклюзия жөніндегі кеңес төрағасының кеңесшісі Ләззат Қалтаева, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Жұлдызай Ысқақова, БҰҰ-ның Қазақстандағы балалар қорының (ЮНИСЕФ) өкілі Рашед Мұстафа Сарвар, ДДҰ-ның Қазақстандағы елдік офисінің басшысы Скендер Сыла, ҚР ДСМ Ана мен бала денсаулығын сақтау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова қатысты.

Сондай-ақ, жеке қор жанындағы "Асыл Мирас"  Б.Өтемұратовтың жеке қорының жанындағы Аутизм орталығының басшысы Нұрия Нұрова, "ДАРА" қайырымдылық қорының "Ерте қолдау" жобасының жетекшісі Айгүл Табергенова, Астана қаласының № 2 ПМПК орталығының жетекшісі Клара Ысқақова баяндама жасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу