Қазақстанда электр самокатты мас күйде жүргізгендер қалай жазаланады?

433

Олар жауапкершілікке тартылмайды.

Қазақстанда электр самокатты мас күйде жүргізгендер қалай жазаланады? Фото: inbusiness.kz

Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова Қазақстанда электроскутерді мас күйінде жүргізгені үшін қандай жауапкершілік қарастырылғанын айтып берді, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Спикердің айтуынша, Электрлі самокат автокөлік құралы болып табылмайтындықтан және тіркеуге жатпайтындықтан, оларға ӘҚБтК-нің 608-бабында көзделген жауапкершілік қолданылмайды. Алайда электрлі самокатты мас күйінде жүргізгені үшін ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша жауапқа тартылады. Егер құқық бұзушылықты қайталап жасаса, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салып, бес тәулікке дейін қамауға алынады.

Сондай-ақ инспектор электроскутерлердің талаптарының сақталуын қалай қадағалайтынын және олар үшін қазіргі уақытта заңда қандай жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

"Айта кету керек, кикшеринг компаниялары жаяу жүргіншілер мен саябақтардың белгілі бір жерлерінде электрлі самокат жылдамдығын шектейтін болады. Орнатылған GPS-сенсордың арқасында мұндай аймақтарға кіру кезінде жылдамдықты шектеу автоматты түрде қосылады. Жауапкершілікке келсек… Қазір оларды жолаушылар мен жүктерді тасымалдау (ӘҚБтК-нің 593-бабы, 5 АЕК көлемінде айыппұл салу), сондай-ақ жол жүрісіне қатысушыларға қойылатын өзге де талаптарды бұзғаны үшін (ӘҚБтК-нің 620-бабы, ескерту немесе 3 АЕК көлемінде айыппұл салу) жауапкершілікке тартуға болады", деді ол.

Қазақстан жоғары жылдамдықтағы электр скутерлерінің импортын шектеуді жоспарлап отыр.

"Бұл жағдайда электрлі самокат “мопед” ұғымына түседі. Бұл ретте қазіргі уақытта максималды конструктивті жылдамдығы 50 км/сағаттан асатын электрлі самокаттардың импортын шектеу мүмкіндігі қарастырылуда, себебі мұндай көлік қауіпті, тұрақсыз және одан жарақат алу қаупі жоғары", деді Ақтоты Боранова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу