Қазақстанда инфляцияның өсуі тұрақты сипат алып отыр – Ерболат Досаев

681

Базалық мөлшерлеме неге 9,5%-ға көтерілді деген сұраққа үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қазақстанда инфляцияның өсуі тұрақты сипат алып отыр – Ерболат Досаев

"Халықтың табысы мен тұтынуының өсуі инфляцияға қарсы қысымның қосымша көзі болып отыр. Сұраныстың қалпына келуін екінші тоқсанда халықтың нақты табысының 1,5%-ға өсуі қайта жандандырды. Екінші тоқсанда нақты мәнде қызметкерлер жалақысының 10,4%-ға жеделдеуі аясында үй шаруашылықтарын тұтыну көлемі өсті. Инфляцияның өсу серпіні мен факторлары, экономиканың қалпына келу қарқыны және сәйкесінше сұраныс тарапынан күшейіп келе жатқан инфляцияға қарсы қысымды ескере отырып, Ұлттық банк 13 қыркүйекте базалық мөлшерлемені 9,5%-ға дейін 0,25% тармаққа көтерді", – деді Ерболат Досаев.

Ұлттық банк төрағасының сөзінше, елдегі инфляция деңгейі тұрақты сипатқа ие. 

"Қазақстанда инфляцияның өсуі барынша тұрақты сипат алып отыр. Сәуір, тамыз аралығында жылдық инфляция 7,0%-дан  8,7%-ға дейін артты. Бағаның ай сайынғы өсімі 2008 жылдан бері алғаш рет тамызда ең жоғары көрсеткішке жетті. Маусымдық тазартылған базалық инфляция, яғни көкөністер мен жемістер, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының қызметтері мен энергия ресурстары бағасының өсуін есепке алмағандағы инфляция тарихи орташа мәннен 25%-ға жоғары болды және орнықты инфляциялық процестердің қалыптасуын көрсете отырып, 0,75%-ды құрады", – деді Ерболат Досаев. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу