Қазақстанда көлік өндірісі бір жылда 29%-ға төмендеген

1358

Қазақстанда көлік өндірісі бір жылда 29%-ға төмендеген

Қазақстандықтардың табысының азаюы автокөлік өндірісінің төмендеуіне әсер етіп отыр. Бір жылда көлік өнеркәсібіндегі өндіріс 29%-ға төмендеген. Осы жылы отандық өндірушілер бар болғаны 8 мың жеңіл автокөлік жасап шығарған, деп хабарлайды finprom.kz агенттігіне сілтеме жасаған 7kun.kz.

Көлік өндірісінің азаюы өткен жылдан бастап байқала бастаған. 2015 жылдың 10 айында өндіріс 55%-ға азайған. Соңғы жылдары өндірістің төмен болуына байланысты өндірушілер саны 1 кәсіпорынға қысқарған.

Сондай-ақ, жеңіл көліктерді шығару ісі айтарлықтай қысқарған. Осы жылдың 10 айында автокөлік құрастырушы кәсіпорындар 8 мың көлік шығарған. Ал бұл көрсеткіш осыдан екі жыл бұрын 29 мың болды.

2016 жылы 1,3 мың жүк тасымалдайтын көлік шығарылса, 2014 жылы 2 мың жүк көлігі шығарылған. Өндірістің қысқаруы автокөлікке деген сұраныстың азаюымен байланысты. Сондай-ақ, 2016 жылдың 9 айында Қазақстанға 16 мың шетелдік жеңіл автокөлік келген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4 есеге аз. Бұдан бөлек, 2015 жылы импорт 2014 жылмен салыстырғанда 2 есеге төмендеген.

2015 жылы Қазақстанның автокөлік шығарушы ең ірі үш кәсіпорын бюджетке 10 млрд теңге салық төледі. Бұл 2014 жылғы салық төлемімен салыстырғанда 2 есеге аз. Ал 2016 жылғы салық түсімі бар болғаны 4 млрд теңгені құрады. Салықты ең көп төлеген —  "Азия Авто" АҚ (осы жылы шамамен 3 млрд теңге төлеген).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу