KazRC стандарты тек жаңа кен орындарына қатысты болады

347

Ал 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған және берілген пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған келісімшарттар мен лицензиялар үшін Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссияның жұмысын сақтау туралы шешім қабылданды.

KazRC стандарты тек жаңа кен орындарына қатысты болады Фото: agmpnews.kz

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі қабылдаған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қойнауын пайдалану және экология мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы жөнінде екінші отырыс өтті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Жер қойнауын тиімді басқару мақсатында мемлекет бірінші кезекте қолда бар минералды — шикізат базасы туралы толық және объективті түсінікке жетуі тиіс. Бұл елдің пайдалы қазбалардың нақты түрлеріне және оларды қайта өңдеу өнімдеріне деген қажеттілігін болжау үшін қажет.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолда бар қорлар мен ресурстарды айқындауға бірыңғай көзқарас мақсатында қорларды есептеудің халықаралық стандартына көшу көзделген. Бұл шешім 2018 жылы қабылданды. 

Алайда, қаралып отырған көмірсутектер туралы Заңға сәйкес 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін аталған халықаралық стандарттарды енгізу үшін өтпелі кезең көзделген. Мұндай мерзім елдің ұлттық мүдделері тұрғысынан дайындық іс-шараларын аяқтау, оны жер қойнауын мемлекеттік реттеуге бейімдеу үшін негізделген", — деді сенатор Сағындық Лұқпанов.

Ал қатты пайдалы қазбалар бойынша бұл мәселе қайта қарауды қажет етті. 

"Заңды қарау барысында Парламент Сенатында инвесторларды геологиялық барлауға тарту мақсатында пайдалы қатты қазбалардың жаңа кен орындары үшін ғана есептеудің халықаралық стандарттарын (KazRC) енгізу туралы шешім қабылданды. Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушылардың геологиялық ақпараттың дұрыстығы үшін жауапкершілігін күшейте отырып, уәкілетті орган тарапынан мемлекеттік бақылау қамтамасыз етілетін болады.

Ескі кен орындары үшін, атап айтқанда, 2024 жылдың 1 қаңтарына дейін жасалған және берілген қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісімшарттар мен лицензиялар үшін қорлар жөніндегі мемлекеттік комиссияның жұмысын сақтау ұсынылады", — деп түсіндірді сенатор.

Бұдан басқа:
- жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның KazRC стандарттарына сәйкес дайындалған есептерді, ондағы ресурстар мен қорлар 
25 пайыздан астамға азайған кезде тексеру мүмкіндігін сақтау;

- уәкілетті органның пайдалы қатты қазбалардың кен орындарын барлау бойынша ең төмен талаптарды белгілеуі;

- есептілікте жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы мәліметтерді жасырған немесе көрінеу анық емес (жалған) мәліметтерді берген адамдардың жауаптылығын күшейту бойынша түзетулер енгізіледі.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу