Кедей қазақстандықтардың басым бөлігі көпбалалы отбасылар

1271

Қазақстанның ең кедей өңірлеріне Түркістан және Ақмола облыстары, Шымкент қаласы енді.

Кедей қазақстандықтардың басым бөлігі көпбалалы отбасылар

Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен қазақстандықтардың 85%-ы көпбалалы және көпжанды отбасылар болып саналады, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы finprom.kz-ке сілтеме жасап.

Биыл екінші тоқсанда табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 4,8% болды.

Ауылдарда кедейшілік деңгейі қалалармен салыстырғанда 2 есе жоғары – 6,8% және 3,4%. Бір жыл бұрын табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі қалаларда 4,2%, ауылдарда 7,8% болған еді.

2021 жылғы екінші тоқсанда өткен жылғыдай табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың басым бөлігі Түркістан облысында тұрады – 10,5%. Кейін тізімде Ақмола облысы (6,6%) және Шымкент қаласы (5,6%). 

Елорда мен Маңғыстау облысында өткен жылмен салыстырғанда кедейлік деңгейі артқан.

Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен 761,9 мың адам бес және одан да көп адамнан тұратын отбасыда тұрады.

Тағы 99,4 мың адам 4 адамнан тұратын отбасыда, 38,9 мың адам 3 адамнан тұратын отбасыда, 8,3 мың адам 2 адамнан тұратын отбасыда тұрады.

Табысы төмен отбасыларда 909,3 мың адам тұрып жатыр.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу