Кейбір кәсіпорындар салықтан жалтару үшін "конверттегі" жалақы төлейді – сарапшы

318

Өндірістік салаға қарағанда бюджет саласында жалақы бойынша ахуал анағұрлым жақсы. 

Кейбір кәсіпорындар салықтан жалтару үшін "конверттегі" жалақы төлейді – сарапшы Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Мұхтар Тінікеев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Біз (ред. – Кәсіподақтар федерациясы) еңбекақы төлеу қорын арттыру қажеттігін айтамыз. Біздің кәсіпорындардағы қор көбінесе 17 пайыздан 30 пайызға дейін құрайды. Әлемде бұл көрсеткіш – 50-60 пайыз. Барлық наразылықтың дені төмен жалақыға байланысты", - деді ол еңбек құқығының өзекті мәселелері бойынша өткен дөңгелек үстел кулуарында.  

Сөзінше, жалақы бойынша ахуал бюджеттік салада өндірістік салаға қарағанда анағұрлым жақсы. Сарапшы елімізде 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы 85 мың теңге болғанын еске салды. 

"Кейбір жекеменшік кәсіпорын жалақыға салынатын салықтан жалтару үшін қызметкерлеріне 85 мың теңге жалақы төлеп, конвертпен 120 мың теңге беріп, сонымен тоқтайды. Оңтүстікті алып қарайтын болсақ, онда көбі ең төмен жалақыға жұмыс істейді", - деді спикер.

Айта кету керек, осыған дейін жалақыны кешіктіретін жұмыс берушінің жауапкершілігін күшейту ұсынылғанын жазған болатынбыз. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу