Кемелер Каспий итбалығына қауіп төндіруде

418

2022-2023 жылдары көктемде итбалықтардың қырылуы көп тіркелді.

Кемелер Каспий итбалығына қауіп төндіруде        Фото: Gov.kz

Алматы гидробиология және экология институтының сарапшысы Мирғали Баймұқанов Каспий теңізінде итбалықтардың, әсіресе олардың күшіктерінің өлімінің себептерін атады, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Қыс мезгілі - Каспий итбалығы үшін қиын кезең. Бұл оның көбею уақыты. Күзде Каспий теңізінің түкпір-түкпірінен итбалықтар солтүстікке қарай жылжып, мұз жамылғысы қатқанда барлығы Каспийдің солтүстігіне жиналады. Итбалықтар бірте-бірте мұзға көтерілетін көрінеді.

"Итбалықтардың аналығы күшіктеуге дайындалып жатады. Алғашқы күшіктер қаңтардың екінші жартысында туады. Процесс ақпан айының соңында аяқталады. Жаңадан туған күшіктердің салмағы шамамен 3 кг, ұзындығы 50 сантиметр. Олар дәрменсіз және толығымен анасына тәуелді сүтқоректілер. Шамамен екі апта ішінде олар 8-12 кг дейін салмақ қосып, 90 сантиметрге дейін өседі. Осы кезде өміріне үлкен қауіп- мұзжарғыш кемелерден төнеді. Олар мұздарды үстінде жатқан итбалықтармен қопарады, кейбірі винтті бұрандалардың астына түсіп, өлетін кездер болады. Ана мен күшіктер ажырап кетіп, аштан да қырылады", - деді ол.

Итбалық күшіктерінің өміріне климаттық жағдайлар да қауіп төндіреді. Жылы қыста жұқа мұз жамылғысы итбалықтың салмағын күшіктермен көтере алмай, күшіктер суға батып, мұзға қысылып өлетінін айтты. 2022-2023 жылдары көктемде Түпқараған мен Бозащы түбектерінің жағалауында итбалықтардың қырылуы көп тіркелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу