ҚР Қарулы Күштерінде тосыннан оқу-жаттығу барысында психологиялық операция жүргізілді

1350

ҚР Қарулы Күштерінде тосыннан оқу-жаттығу барысында психологиялық операция жүргізілді

Кенеттен оқу-жаттығудың белсенді фазасы аясында әскерлердің практикалық іс-қимылдарын ойнату ниеті бойынша саны 100-ден аса адамды құрайтын шартты қарсыластың күштері тау аңғарында орнықты және бейбіт халықтың ішінен тұтқындарды басып алды, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Әскерлер топтамасының қолбасшылығымен дау-дамайды бейбіт жолмен шешу, тұтқынға алынғандардың өмірін сақтап қалу және заңсыз қарулы құралымдардың еркін түрде қаруларын тапсыруы мақсатында психологиялық операция кезеңін жүргізуге шешім қабылданды.

Психологиялық операцияны өткізу шеңберінде арнайы күштер мен құралдар тартылды. Арнайы дабыс тарату техникасының көмегімен содырларға вербальды-психологиялық ықпал ету жүргізілді, авиацияны қолдана отырып, дағдарыс ауданына ақпараттық үнпарақтарды лақтыру жүзеге асырылып, заңсыз қарулы құралымдардың көшбасшыларымен келіссөздер жүргізілді.

Әскери шиеленістердің шұғыл өзгеріп сала беретін сипаты жағдайында Қарулы Күштердің басшылығы психологиялық операцияларды өткізуде теориялық білім мен практикалық машыққа жіті назар аударатынын айта кету қажет.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу