ҚТЖ, “Қазпошта” және “Қазақтелекомға” ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін болмайды

665

Елде “халыққа бірінші кезекте қажет қызмет түрлері” деп шұғыл медицина, өрт сөндіру сынды апаттық және құқық қорғау қызметтері бекітілген. Ал “Қазақстан темір жолы”, “Қазпошта” және “Қазақтелеком” компанияларының жұмысы бұл қатарда емес.  

ҚТЖ, “Қазпошта” және “Қазақтелекомға” ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін болмайды

Бірақ сарапшылар “бұл компанияларға да адамдар өмір мен өлім мәселесі бойынша жүгінуі мүмкін ғой” деп дау айтады, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы “Азаттық радиосына” сілтеме  беріп.

“Жолаушылар тасымалы" директорының міндетін атқарушы Жәнібек Тайжановтың айтуынша, ҚТЖ-ға стационар телефоннан қоңырау шалу тегін, ресми сайт, WhatsApp нөмері (тек билеттерді қайтару мәселесі бойынша) және электронды пошта арқылы ақпарат алуға болады.

- Компания ұялы байланыс абоненттері үшін 2023-2024 жылдары тарифті төмендетуді ойластырып жатыр, - дейді ол.

Ал "Қазпоштаға” қоңырау шалғандағы ақы ұялы байланыс қызметін ұсынатын басқа компанияға төленеді екен. Олар да “Қазақстанда тіркелген стационар телефоннан 1499 нөмірімен тегін байланысуға болады” дегенді айтады. Сонымен бірге post.kz қосымшасынан және сайтынан аудио/бейне қоңырау арқылы тегін ақпарат алу мүмкіндігі бар. Болашақта компанияның ұялы телефонмен байланысқан клиенттеріне анықтама- қызметін тегін ету жоспары жоқ. Себебі қазірдің өзінде қалалық номермен немесе post.kz сайты арқылы тегін қызмет алуға болады" деп жауап береді компанияның баспасөз қызметінен.

Ал "Қазақтелеком" компаниясы: “160/165 нөмерлері халыққа бірінші қажетті қызметтерінің тізіміне кірмейді" дегенді айтады.

Заңгер Серік Беркамалов тек стационар телефоннан ақпаратты тегін беру жолда түрлі жағдайға тап болған адамдардың құқығын және "Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы" заңдағы қызмет жайлы ақпарат қолжетімді болуы керек деген ережені бұзатынын айтады.

- Анықтаманы ақылы түрде ұсыну тұтынушының маңызды ақпаратты алу құқығын шектейді. Кей жағдайда ол ақпарат азаматтың өмір мен өлім мәселесін шешуі мүмкін. Сонымен қоса "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" заң нормасында көрсетілген азаматтардың ақпаратқа тең қол жеткізу қағидаты бұзылғаны байқалады. Бұл мәселеге ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тексеріс жүргізуіне негіз бар деп есептеймін, - дейді заңгер.

Бұған қоса ұлттық статистика бюросының дерегіне қарасақ кейінгі он жылда елде стационар телефон саны азайып, ұялы абонент көп тіркелгені байқалады.

Мәселен, ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2011 жылы 3,5 млн телефон абоненті болса, 2021 жылы 2,3 млн телефон абоненті тіркелген. Ал елде 2021 жылғы статистика бойынша 24,4 млннан аса ұялы байланыс абоненті бар.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу