Қуаңшылыққа тап болған диқандарға биыл қандай көмек бар?

1286

Сақтандырудың жаңа тәртібі жарияланды. 

Қуаңшылыққа тап болған диқандарға биыл қандай көмек бар?

Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры сақтандырудың жаңа шарты бойынша көрсетілетін қызметтердің тізімін сайтына жариялады. 

Жаңа шарт бойынша, егісті сақтандыру үшін бұрынғыдай қажет соманың 100 пайызын емес, тең жартысын төлесе жетіп жатыр. Яғни, бұрын бір гектар алқапқа 1440 теңге төлеп келсе, енді бір гектарға 722 теңге алынады. Алайда диқанның сол бір гектерға салған инвестициясы 30 000 теңге көлемінде болуы керек. Төлемдер сақтандыру сомасының 48%-іне дейін жетуі мүмкін. Бұл әр гектарға 14 400 теңге деген сөз. 

"Біз көптеген аймақтарда ылғал тапшылығын байқап отырмыз. Ұсынылып отырған жеңілдік осындай тәуекелді шақта фермерлер үшін жақсы мүмкіндік. Ерікті сақтандыру салада алғаш рет енгізіліп отыр. Сақтандыру "онлайн" режимде жүезеге аса береді. Комиссия мен агенттердің қатысуын талап етпейді. Мұның бәрі ақпараттық жүйелердің көмегімен, спутник арқылы қашықтан зондтауды қолдана отырып түзетілген. Ол жұмысты нидерландық мамандар істеп жатыр. Ал швейцариялық қайта сақтандыру компаниясы төлемдерге кепілдік береді. Бұл әлемдік ауылшаруашылық сақтандыру нарығында қол жетімді ең озық технологиялар. Енді оны қазақстандық фермерлер де пайдалана алады", - дейді Қазақстанның ауылшаруашылық сақтандыру қауымдастығының басшысы Елдос Әуезбеков.

Сонымен егістікті жаңаша сақтандыру қалай жүзеге асады?  Әуелі фермер Qoldau.kz порталына кіріп, "Agroinsurance" бөліміне өтуі керек. Онда өзіне қолайлы сақтандыру өнімін таңдайды. Әрі қарай өзі сенімді деп тапқан сақтандыру компаниясы таңдалады. Екіжақты келісімшартты электронды цифрлық қолтаңба арқылы жасап, шарт бойынша қызмет ақысын төлейді. Осыдан кейін, спутниктік суреттер негізінде жасалған топырақ пен өсімдіктердегі ылғал қоры туралы мәліметтер беріледі. Егер диқан құрғақшылықтан зардап шеккен болса, жеке парақшасына автоматты түрде хабарлама келеді. Әрі қарайғы процесте де комиссия шақырып, егіс алқабына барып, дақылдың зая болғанын дәлелдеудің қажеті жоқ. Осы істің бәрін қалай жүзеге асыру қажеттігін төмендегі сілтемеге кіріп, көруге болады.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу