Румынияның Бухарест қаласында күрес түрлерінен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионаты өтуде. Қазақстан қоржынына алғашқы медальді Аманғали Бекболатов салды, деп жазады Olympic.kz.
Грек-рим күресінен 55 келіде сынға түскен Бекболатов қола медаль үшін өткен белдесуде жапон балуанын 8:0 есебімен жеңді.
Бүгін 67 келідегі Мейіржан Шермаханбет пен 72 келідегі Қаһарман Қисметов қола медаль үшін күреседі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу