"Дене бөлшектерін шығардық": Құтқарушылар Костенко шахтасында болған апаттан кейінгі алғашқы көргенін айтып берді

1329

Олар бір-екі сағат кешіккенде, шахтада тағы бір жарылыс болуы мүмкін еді. 

"Дене бөлшектерін шығардық": Құтқарушылар Костенко шахтасында болған апаттан кейінгі алғашқы көргенін айтып берді Фото: freepik.com

Қарағанды облысының тау-кен құтқарушылары Костенко кенішіндегі қайғылы оқиға туралы бейне үндеу жазды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты ekaraganda.kz​ агенттігіне сілтеме жасап.

Олардың айтуы бойынша, құтқарушылар қауіпсіздік техникасының бұзылуы туралы ескерткен. Алайда, басшылық "АрселорМиттал Теміртау" компаниясынан қаржыландыруды жоғалтпау үшін бұны елемеді.

Вадим есімді құтқарушы өзінің және оның әріптестерінің 540 метр тереңдікке, дәл жарылыс толқыны жетпеген жерге түскенін айтты.

"Біз ол жерге сағат 4-те бардық. Жалпы, бізді жарылыстан кейінгі жағдайды барлау және анықтау үшін жіберді. Жол бойында өрт ошағына тап болдық. Өрт сөндіргішті тауып алып, сөндіруге кірістік. Алайда, апаттық учаскесіндегі бірінші қиындық улы газдың таралуы және судың жоқтығына байланысты туындады. Жарты сағат су іздеумен жүгірдік. Бұл – бірінші рет болып тұрған жайт емес. Яғни, қазіргі таңда, мәселе бақылаудың осалдығында жатыр", - деді құтқарушы.

Оның айтуынша, егер құтқарушылар апат болған жерге бір-екі сағат кешіккенде, шаңның жиналуына байланысты тағы бір жарылыс болуы мүмкін еді.

Ал, тағы бір құтқарушы Александр Григорьев енді өз жұмысынан ұялатынын мойындады.

"Біз шахтаға келетін кезде, олар бізді ештеңеге жұмсамайды. Сол себепті, біз ештеңе істей алмаймыз. Біздің бастапқы міндетіміз – жарылыстың алдын алу. Жағдайды реттейміз, бәрін жазып береміз. Бірақ, ескертулердің жартысы жоқ болып кетеді. Не себепті? Өйткені, "Арселор" келісімшартты бұзады деген үрей бар. Біз – тау-кен құтқарушыларымыз. Бірақ, қазір өзіміздің не істеп, не қойып жүргенімізді, кімге бағынатынымызды түсінбей қалдық. Жұмысымды қатты жақсы көремін, алайда осы жұмысым үшін қынжылатын күйге жеттім", - деді Александр Григорьев.

"Бар мәселе құтқару қызметінің жекешеленіп кетуінде" деп есептейді Александр. Сондықтан, құтқарушы шындықты ашып айтуға бел буған.

“Жарылыстың қуатты болғаны соншалық, адамдарды бөлшектеп тастағаны былай тұрсын, шойыннан жасалған бағаналардың өзін майыстырып тастаған. Жер астында ештеңені анық көру мүмкін емес, барлығы астаң-кестең болып жатыр. Біз алдымен адамдардың денесін, дене бөлшектерін шығардық. Кейбіреулерін, тіпті, тану мүмкін емес. ДНК сараптамасын жүргізу керек”, – дейді құтқарушы.

Сонымен қатар, құтқарушылар бірнеше заң бұзушылықтардың анықталғанын хабарлады. Олардың арасында жеңдер мен жыртылған өрт сөндіру бекеттерінің жоқтығы дәлелденді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу