Апат салдарынан үйіндінің астында қанша адамның қалғаны белгісіз.
Ең соңғы ақпаратқа сәйкес, Цзянси провинциясындағы электр станциясындағы апаттан қаза тапқандар саны 40 адамға жетті. Бұл туралы дерекккөзге сілтеме жасап 24 Хабар хабарлайды.
Станция әкімшілігінің мәлімдеуінше, қайғылы оқиғаға мұндағы құрылысы бітпеген салқындату мұнарасының қирап түсуі себеп болған. Қазір апат орнында іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу