Қытайда тараған белгісіз дерттен қалай сақтану керек – маман кеңесі

2063

Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы Қытайда тараған дерттен сақтанудың жолдарын атады.

Қытайда тараған белгісіз дерттен қалай сақтану керек – маман кеңесі

Қытайдағы белгісіз дерттен мыңдаған адамның зардап шеккені туралы ақпарат интернетті кезіп жүр. Мамандар бұл дертті әзірге "анықталмаған этиологиядағы пневмония" деп атады. Көрші елдегі күрделі жағдайды ескере отырып, Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы пневмонияның алдын алу үшін не істеу керектігі туралы ақпарат таратты. Орталықтағы жұқпалы аурулардың алдын алу департаментінің маманы Нұрбала Бахтиярқызы пневмония дене қызуының жоғарылауымен, кеуде қуысының ауыруымен, қақырық мол бөлінетін жөтел сияқты белгілермен басталатынын айтады.

"Пневмонияға шалдыққан адамның өкпесін флюорографиядан өткізген кезде қара нүктелер мен қақырық дақтары болуы мүмкін", – дейді Нұрбала Бақтиярқызы.

Маманның айтуынша, аурудың алдын алу үшін мынадай сақтық шараларын қабылдаған жөн:
- үйді үнемі желдетіп отыру және таза ұстау;
- таза ауада серуендеп, қалыпты дене қозғалысын сақтау;
- массаж, дене шынықтыру, су процедуралары сияқты жалпы иммунитетті нығайтатын     шараларға көңіл бөлу;
- салауатты өмір салтын ұстану;
- бойды үнемі жылы ұстау;
- тыныс алу органдарының созылмалы ауруларынан уақтылы емделу.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы соңғы 20 жылда пневмонияның алдын алу шаралары өз нәтижесін бергенін жиі айтып жүр. Әсіресе:
-Steptoccuspneumoniae және Haemophilusinfluenzae типті екпелерді пайдалану,  
-жаңа туған баланы алғашқы алты айда тек қана емшек сүтімен емізу;
-сәби қалыптан тыс жеңіл салмақпен тумас үшін жақсы тамақтану;
- үй ішіндегі ауаны таза ұстап, салауатты орта қалыптастыру; 
-АИТВ инфекциясының алдын алу шаралары аталмыш дерттен келетін өлім-жітімнің санын тежеп тұрған көрінеді.

Нұрбала Бақтиярқызы пневмония  бала өмірін жалмайтын аурулардың тізімін бастап тұрғанын айтады. 

"Егер тиімді шаралар кең ауқымда қолданылса және халықтың неғұрлым осал топтары қамтылса, 5 жасқа дейінгі балалардың өлімін азайтуға болар еді. Қазақстанда вакциналаудың бірегей күнтізбесі бар. Соның ішінде валентті пневмококкты инфекцияға қарсы ең озық 13 вакцина қамтылған", – дейді маман.

Орталық өкілі жедел респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ)  мен тұмауды елемеу пневмонияға ұласуы мүмкін екенін ескертеді.

"Аурудан сақтану үшін иммунитетті нығайтып, екпе алу, жедел респираторлық вирустық инфекциялар қозған сәтте-ақ дәрігерге қаралу, дәрігерден медициналық кеңес алу маңызды. Деннің саулығы 10% ғана денсаулық сақтау жүйесіне, 50%  салауаты өмір салты мен күтімге тәуелді екенін ұмытпағанымыз жөн. Пневмониямен, өзге де кез-келген аурумен күресудің ең тиіміді әдісі – алдын-алу шаралары екенін есте ұстау керек", – дейді Нұрбала Бақтиярқызы.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу