Әуе такси ретінде жоспарланған қытайлық Ehang 184 ұшағының соңғы нұсқасы бортындағы жолаушымен көкке көтерілді, деп хабарлайды 24.kz.
Ehang 184 ұшағының ең жоғары жылдамдығы – 130 км/сағ. Сонымен қатар "ұшатын" такси тайфун кезінде де өз жұмысын атқара алады.
Аталған әуе көлігі әлі де сыналуда. Дегенмен жоба авторлары Еhang 184 ұшағы көп ұзамай жаппай пайдалануға дайын екенін айтуда.
Әуе көлігі жобасын іске асыру идеясы тек қытайлық инженерлерді ғана емес, бүкіл әлемді қызықтырып отыр. Осыған дейін АҚШ-та да аталған ұшақ көкке көтерілген болатын. Бортта ыңғайлы орын, басқару тақтасы да бар. Оның көмегімен жаңалықтар көріп, жолаушылармен қажетті файлдарды бөлісуге болады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу