Мәдениет қызметкерлері жаңа министрге мәселелерін жайып салды

541

Елдегі мұрағат қоймаларының толғаны соншалық, құжатт сақтайтын орын жоқ. Қазір архивтерде 25 млннан астам маңызды қағаз қойылған. Әлі 500 мың құжатты сақтауға 20-ға жуық мемлекеттік ғимарат салу керек.

Мәдениет қызметкерлері жаңа министрге мәселелерін жайып салды Фото: Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі

Бұл туралы өткен жылды қорытындылаған Мәдениет министрі Асхат Оралов айтты. Тағайындалғанына 16 күн болған ол дүйім жұрттың алдына шығып өзі атқармаса да, министрліктің бір жыл бойы істеген жұмысы жайлы баяндады.

Жаңа әрі жас министрді қызметімен құттықтап жатқандар әлі де көп. Іске енді кіріскен басшыға, жиынға келіп сөз алған сала мамандарының қай-қайсысы да мәселелерін қарша боратты. Елдегі театрлар ұжымы халыққа жұп-жұмыр туынды ұсынып, шығармашылығын әлемге паш етіп жүргенімен, заңға зәру боп шықты. Өйткені, мәдени ошақтағы қызметкерлер жұмысын реттейтін арнайы құжат жоқ. 

"Бізде театр туралы ешқандай заң жоқ. Яғни біз машинамыз бар, бірақ оны айдауға правамыз жоқ мекемеміз. Біздер қазір міне режисермен, көркемдік жетекішлермен ұрыссамыз. Арамызда конфликтный ситуациялар көп. Неге? Өйткені біздер заңды түрде өздеріміздің міндеттерімізді шекараларымызды бөліп алмағанбыз. Соған байланысты  осы мәселені де назарларыңызға ұсынып отырмыз", дейді Қ.Қуанышбаев атындағы академиялық қазақ музыкалық драма театры директоры Айболат Жаудыр. 

Жиында жас қаламгерлер қолдаудан кенде қалмайыны белгілі болды.  Бұдан былай оларға Президенттік әдеби сыйлық тағайындалмақ. Халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов Ораловтан өнер адамдарына беретін атақтарды реттеуді сұрады. Сөзінше, қазір мемлекеттік сыйлықтар кім көрінгенге табысталып жатыр.   

"Атақты кім болса соған бере салатын болдық. Шошаң етіп сахнаға шыға келсе, соған бере салатын болдық. Атақтың қадірі кетіп қалды. Атақ береміз ба, орны орнымен берейік", дейді Қазақстанның Халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов. 

Архившілерде де мәселе жетіп артылады. Қазір 500 мың құжатты сақтайтын ғимарат керек. Елдегі мұрағаттар жыл сайын 400 мың маңызды қағазбен толығып отырады. Оларды сақтайтын орын жоқ. Шет елдерден де тарихи маңызы бар 7 мыңнан астам құжат әкелінген. Сондықтан жаңа министрдің алдында 20 ғимараттың мәселесін шешу де тұр. Жалпы, мәдениет қызметкерлерінің ортақ проблемасы  жалақы. Баспаханадағылар, кітапханашылар, мұрағат пен театрдағы қызметкерлердің айлығы тым аз. Арасында әлі де 60-70 мың теңгеге күн көріп жүргендері көп. 

"Сала қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсарту назардан тыс қалмайды. Шығармашылық жоғары оқу орындарындағы концертмейстерлер, сондай-ақ үрмелі музыкалық аспаптарда ойнайтын мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметкерлері мен би ансамблі әртістерінің әл-ауқатын көтеру жоспарланып отыр", дейді ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов.

Салада қордаланған мәселенің көптігі соншалық, спикерлердің ең азы 10 минуттан асырып сөйледі. Тіпті уақыт жетпей қалды. Сондықтан министрге түстен кейін де жиын өткізуге тура келді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу