Мақтасынын өткізген шаруалар ақшасын ала алмай жүр

648

Түркістан облысында мақтаның машақаты әлі бітер емес. Жаз бойы еңбек еткен шаруалар әлі табанынан тозып сенделіп жүр. 

Мақтасынын өткізген шаруалар ақшасын ала алмай жүр Фото: egemen.kz

Мәселен, Ордабасы ауданының мақташылары өнімін жиып өткізгенімен осы уақытқа дейін ақшасын алмаған. Ақ алтынды қабылдап алған компания мақта талшығын пұлдай алмадым деген желеумен шаруаларға тиесілі қаржыны бермей отыр, деп жазады inbusiness.kz .

Негізгі күнкөрісі қара жерге байланған Лесхан Тоқсанбаев биыл 40 гектар жерге мақта еккен. Одан түскен өнімін түгелдей жауын-шашынға ұрындырмай Төркүлдегі мақта қабылдау пунктіне өткізген. Бірақ, арада қанша уақыт өтсе де өнімі үшін бір тиын да алмапты. Одан бөлек көрші шаруалардың мақтасын теріп бергені үшін төленетін ақысы да өтелмеген. 

"Жұрттың, осындағы халықтың мақтасын тергем түгел. Және тасымалым бар. Трактормен тасып осында өткізгем. Бұлардың да ақшасы жоқ. Сонымен сандалып жүрміз. Ұрсысып, айқайласып, төбелесіп қайтамыз", дейді шаруа Лесхан Тоқсанбаев.

Бүгінде тек Төрткүл ауылының өзінде 80-нен астам шаруа мың тоннадай өнімінің ақысын даулаумен келеді. Зауыт өкілдері бастапқыда өнімнің  тоннасын 250 мың теңгеге бағалап, бір келісімге келген. Ал күзде баға  қамбаттаса, нарыққа сай айырмасын да өтеп беретін болған.  

"Келісілген ақша түгілі 250 теңгеден авансын да бірген жоқ. Көп адам қатты қиналып қалды. Көмір алатын ақшасы жоқ, киім алу керек балаларына, тіпті азық түлігі де жоқ. қаншама адамның кредиті бар", дейді шаруа Қайым Нұржанова.

Шаруалар талай табалдырық тоздырған алайда еш нәтиже шықпаған. Жергілікті билік өкілдері де бұл мәселеге араласқан. Алайда шаруаның  алашағын айырып беруге қауқары жетпепті.

"Ақбура конракшн" басшылығына бірнеше мәрте бардық шаруалармен. Бірақ келісімге келе алмадық. Себебі мақтаның нарықтағы бағасы айқындалмауына байланысты деген уәж айтып отыр", деді Ордабасы аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Әбілдә Әлібеков.

Жер емген жандардың бас ауруына айналған бұл мәселе келесі жылғы егіске де кері әсерін тигізгелі тұр. Өйткені ақшасыз жүрген шаруаның техникасын сайлап,  жер жыртуға да шамасы жоқ.

Мақсұт Жарылқасынұлы 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу