Маңғыстауда екі мекемеге айыппұл салынды

1476

Олар карьерден қиыршық тас алу кезіндегі талапты орындамаған.

Маңғыстауда екі мекемеге айыппұл салынды

Маңғыстаудағы қиыршық тасын ұстақтайтын мекемелерге қоршаған ортаны бүлдірмеу мақсатында қойылатын талаптың бірі – тасты уатқанда шығатын шаңды басу жұмыстарын жүргізу. Өңірдегі құрылыс тасын өндіретін ұйымдар, негізінен, Маңғыстау ауданы Шетпе ауылында шоғырланған. Олар тасты жару, тиеп-түсіру, тасымалдау шараларын жүргізген кезде шыққан шаң-тозаңның ауаға көтеріліп, шетпеліктердің  мазасын алатыны үйреншікті жағдайға айналып барады. 
Бұл жолы да облыстық жер қатынастары басқармасының хаты мен аудан тұрғындарының шағымын негізге алып, жоспардан тыс тексеру жүргізген МО экология департаменті Азия Тас 1000" және "Шетпе тас ЛТД" ЖШС-ларына тиесілі карьерлерде экологиялық заң бұзушылықтарға жол берілгенін анықтады.

Тексеру қорытындысы көрсеткендей, "Шетпе тас ЛТД" ЖШС 100 тонна көлемінде қиыршық тас өңдеген. Өндіріс барысында шаңды басу жұмысының жүргізілмеуін мекеме "күн салқындағасын су жинағыш қоймасындағы судың қатып қалғанымен" түсіндірген.  Ал "Азия тас 1000" ЖШС-ні аталған заңсыздықтан бөлек, "Жаңаорпа" кен орнында орналасқан карерь қызметкерінің түсініктемесіне мен алынған құжатқа сәйкес, 380 тонна қиыршық тасты сатуға жіберген болып шықты. Осы деректерге сәйкес, экологиялық заң бұзушылықтарға жол берген аталмыш екі мекемеге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылылық туралы кодексіне сәйкес 130 127 тенге көлемінде айыппұл салынды.

Оларға шара қолдану үшін Маңғыстау аудандық прокуратурасына және облыстық әділет департаментіне хат жолданған. Тексеру кезінде Маңғыстау облысы бойынша мамандандырылған экономикалық сотының "Азия тас 1000" мекемесіне құрылыс тастарын ұсақтауға байланысты мемлекеттік сараптаманың қорытындысы мен қоршаған ортаға эммисияға рұқсатын алғанша құрылыс тастарын ұсақтауын тоқтату туралы шешім шығарғаны белгілі болды. Алайда "Азия тас 1000" ЖШС сот шешіміне сол күйінде құлақ аспапты. 

Құралай Қуатова
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу