Маңғыстаулық қорықшылар дала аңдарын биыл қолдан суарып отыр

1024

Жабайы жануардың популияциясын арттыру үшін артезиандық ұңғымалар керек.

Маңғыстаулық қорықшылар дала аңдарын биыл қолдан суарып отыр

Маңғыстауда қуаңшылыққа қарамастан арқар мен қарақұйрықтың саны артқан. Жер санағын жүргізген қорықшылардың пайымы осындай. Үстірт арқары мен қарақұйрықтың басы 20%-ға көбейді. Кезекті санақ кезінде аңдар "Қызылсай" табиғи паркі мен 6 қаумалда дүрбінің көзіне іліккен, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Биылғы көрсеткіш былтырға қарағанда тәуір. Қараша айында санақ жасалады. Ауа-райының қолайсыздығына байланысты мына аңдар жойылып кеткен болар деген қауіп болды. Арқарға көп қауіп жоқ. Бірақ қарақұйрыққа қиындау. Ауылшаруашылығына шөп шабуға беріп жатыр аң жайылатын жерлерді. Сондай мәселелер қарақұйрықтық жойылуына қауіп төндіреді. Арқарлар шыңдардың шетінде жүреді. Сол жерде қоректенгендіктен, айтарлықтай қауіп жоқ", – дейді "Охотзоопром" мекемесінің инспекторы Бисенбек Ағыманов.  

Жабайы аңдардың өсуіне жылдағы қуаңшылық пен су тапшылығы кедергі болған. Қорықшылар оның да амалын жасап, аңдарды биыл қолдан суаруға көшті. Дегенмен келешекте жабайы жануардың популияциясын арттыру үшін артезиандық ұңғымалар керек. 

"Аңға адамнан кейін қауіп төндіретін қасқырлар. Бірақ биыл біз олардың ізін көп байқамадық. Ал негізінен аңның көбеюі үшін қолайлы орта қалың шөп пен ағып жатқан бұлақ керек. Көптеген бұлақ көздері бітелген. Соларды көзін ашып, содан кейін артезиандық құдықтар қазу керек. Дала жануарларының қуаңшылыққа қарамастан аз да болса көбеюі, ол оның жақсы қорғалуының белгісі", – деді ҚР БҒМ зоология институтының ғылыми қызметкері Ерлан Тәшімбаев.

Қорықшылардың айтуынша, биыл аң ату бойынша броконьерлік деректер көп тіркелмеген. Бірақ көліктерінің ескіріп, қарусыз отырғаны аң қорғауға біршама кедергі болып отыр.  

"Көлік және қарумен қамтамасыз ету бойынша бюджеттік өтінім беріп қойдық. Алдағы уақытта сол автокөліктерді алу жоспарымызда бар. Арқар мен киік аңына қолайлы жағдай бар. Себебі бізде аңның өлімі тіркелген жоқ. Өздерінің жейтін арнайы шөптері болады. Жеткілкікті су мөлшері бар. Біздің инспекторлар жыл сайын жұмыс жоспарына сәйкес өз аумағында орналасқан бұлақ көздерін ашумен айналысады. Кейбір аумақтарда өзіміз қолдан суару жасадық", – деп түсіндірді "Қызылсай" табиғи паркі директорының міндетін атқарушы Қайролла Сыдиық. 

Әйтпесе, дала аңдары да жойылып кетуі әбден мүмкін. Оларды жыртқыш аң мен аңшының тырнағынан қорғау үшін Үкіметтен қолдау қажет. Жер санағын жүргізген мамандардың айтуынша, олардың бұрынғыдай мыңдап көбеюіне табиғаттың ғана емес, адамның да көмегі қажет. 

Алмас Қылыш

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу