Мәжіліске ЕО Өкілдігінің басшысы келді

889

Мәжіліске ЕО Өкілдігінің басшысы келді

Парламентте Мәжілістің Халықаралық істер қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Өкілдігінің Басшысы Траян Хриестамен кездесті, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

Тараптар әңгіме барысында Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы 23 жылдан бергі дипломатиялық қатынастар өзара серіктестік, теңқұқылық және сенімділікті сақтай отырып нығайып келетінін атап өтті.

Саяси үндесудің бір тармағы парламентаралық байланыстарда жатыр. Еуропарламент делегациясының Қазақстанға, қазақстандық Парламент делегациясының Брюссельге өзара ресми сапарлары үздіксіз байланысқа ұласты.

ҚР мен ЕО арасындағы парламенттік ынтымақтастық Комитеті өткізген 13-ші отырысы пікіралмасу алаңына айналды. Әңгіме барысында Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы ынтымақтастық пен серіктестіктің жаңа кеңейтілген Келісімін жүзеге асыру, Қазақстанға инвестиция тарту, жеңілдетілген салық режимі, ұлттық заңнамаларды жетілдіру, инвестициялық преференция пакеттерін ұлғайтудың маңызы сөз болды. Парламентші М.Әшімбаев Қазақстанның инновациялық дамуына ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің қосатын үлесіне тоқталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу