Мемлекет мүлкін жалға беруден қазынаға 53,5 млрд теңге түскен

860

Негізгі табыс жалға беріліп келе жатқан "Байқоңыр" ғарыш айлағы мен әскери полигондардан түскен.

Мемлекет мүлкін жалға беруден қазынаға 53,5 млрд теңге түскен

Мемлекет мүлкін жалға беруден қазынаға 53 млрд 500 млн теңге түскен. Бұл жыл басынан қазан айына дейінгі кіріс, деп хабарлайды Atameken Business.

Негізгі табыс жалға беріліп келе жатқан "Байқоңыр" ғарыш айлағы мен әскери полигондардан түскен. Мұндай ақпарат біздің ресми сауалымызға жауап берген Қаржы министрлігінің статистикалық мәліметінде келтірілген.

Тарқатып айтар болсақ, 1 қарашадағы жағдай бойынша, 53 млрд 500 млн теңгенің 42 млрд 800 млн-ы "Байқоңыр" ғарыш кешенін жалға беруден түскен табыс. Бұл дегеніміз кірістің 80 процентін құрайды.

Екінші болып, қазынаға 3 млрд 840  млн 870  мың теңге қомақты табыс әкелген – әскери полигондар. Мемлекет меншігіндегі мүлікті жалға беруден 1 млрд 862 млн тг табыс түскен.

Республикалық маңызы бар қалалар мен Елордадағы коммуналдық меншіктегі мүлікті жалға беруден 1 млрд 117 млн тг, облыстардағы коммуналдық меншіктегі мүлікті жалға беруден – 904 млн 316 мың , республикалық маңызы бар қалалар мен Елордадағы коммуналдық меншіктегі тұрғын үй қорындағы тұрғын үйлерді жалға беруден – 565 млн теңгеден астам қаржы, аудандардың коммуналдық меншігіндегі мүлкін жалға беруден – 941 млн, аудандардың коммуналдық меншігіндегі тұрғын үй қорындағы тұрғын үйлерді жалға беруден 143 млн 658 мың теңге түскен. Ал облыстардағы коммуналдық меншіктегі тұрғын үй қорындағы тұрғын үйлерді жалға беруден 4 млн теңге кіріс келген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу