Микроқаржы ұйымдарының жиынтық несие портфелі 838 млрд теңгеден асты

526

Елімізде шағын және орта бизнесті, агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға бағытталған  микроқаржы ұйымдары көш бастап келеді.  

Микроқаржы ұйымдарының жиынтық несие портфелі 838 млрд теңгеден асты Фото: inform.kz

Қазақстанның микроқаржы нарығы тұрақты өсімді көрсетіп отыр. Мысалы, осы жылдың екінші тоқсанының аяғында елдегі 243 микроқаржы ұйымының жиынтық несие портфелі 838,3 млрд теңгені құраған. Бұл былтырғыға қарағанда 58%-ға көп. Соңғы 5 жылда Қазақстанның МҚҰ микронесиелеу көлемі 6,4 есеге ұлғайған,  деп жазады inbusiness.kz  finprom.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ақпаратқа сәйкес, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап  ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің микроқаржы қызметті лицензиялауды енгізуі салаға оң ықпал етті. Бір жыл бұрын елімізде 217 микроқаржы ұйымдары тіркелсе, осыдан бес жыл бұрын олардың саны 146 болған.

Биылғы ІІ тоқсан қорытындысы бойынша микроқаржы ұйымдарының несие портфелі бойынша ең ірі ондыққа елдегі МҚҰ микрокредиттерінің жиынтық көлемінің 76%-ы тиесілі. Бұл ретте KMF компаниясы көш бастап тұр. Аталмыш ұйымдағы микронесие көлемі 191,3 млрд теңгеге жетіп, былтырғыға қарағанда өсім 36,1%-ды құрап отыр.  

Екінші және үшінші орында автокөлік нарығында жұмыс істейтін "MyCar Finance" (124,5 млрд тг) және "Тойота Файнаншл Сервисез Казахстан" (123,1 млрд тг) микроқаржы ұйымдары орналасқан. 

2022 жылдың І жартыжылдығында елдегі микроқаржы ұйымдарындағы микронесиелеу көлемі 141,9 млрд теңгеге жеткен. 

Қарыздар көлемінің ең көп өсімі KMF компаниясында тіркелген (29,6 млрд тг). Жыл басынан бастап KMF несие портфелінің 39%-дан астамы немесе 66,6 млрд теңге агросекторға тиесілі. Бұдан бөлек елдің агросекторына белсенді қолдау көрсететін МҚҰ-ның үздік ондығына "Арнур Кредит" және "Азия кредиттік қоры" кіреді.

Жыл басынан бері несие портфелінің өсімі автонесиелеу нарығындағы МҚҰ-да байқалады: "Тойота Файнаншл Сервисез Казахстан" (19,2 млрд тг), "MyCar Finance" (15,7 млрд тг) және "Шинхан Финанс" (11,6 млрд тг).

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу