Елімізде 95 мыңға жуық баланың мүмкіндігі шектеулі

963

Бұл былтырғы көрсеткіш.

Елімізде 95 мыңға жуық баланың мүмкіндігі шектеулі

2020 жылдың қорытындысы бойынша, елімізде 695,3 мың мүмкіндігі шектеулі адам бар. Оның ішінде 94,7 мыңы – балалар, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 3,4%-ға артық, деп жазады inbusiness.kz finprom.kz мәліметіне сүйеніп.

Мүмкіндігі шектеулі адамдардың басым бөлігі Түркістан (94,1 мың адам), Алматы (68,8 мың адам) және Қарағанды (67,8 мың адам) облыстарының тұрғыны. Ерекше қажеттіліктері бар балалардың көпшілігі Түркістан, Алматы облыстары мен Алматы қаласында.

2020 жылы мүгедектігі бойынша тағайындалған мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды алушылардың саны бір жылда 0,6%-ға (525,4 мың адамға) дейін қысқарды. Анықтама үшін айта кетсек, 2019 жылы елде 528,3 мың жәрдемақы алушы тұрған. 

Мемлекеттік жәрдемақы алушылардың басым бөлігі, алдын ала болжам бойынша, Түркістан (76 мың адам), Алматы (51,3 мың адам) және Қарағанды (49,8 мың адам) облыстарында тұрады. 

Ерекше қажеттіліктері бар адамдардың саны мүгедектігі бойынша тағайындалған мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды алушылар санынан 32,3%-ға асып түседі. Жыл басында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарда мүгедектігі бойынша 23,5 мың адам тұрған, бір жыл бұрынғыға қарағанда 2,3%-ға аз. Оның ішінде 9,7 мың адам – әйел. 11,5 мың адам заңды түрде әрекетке қабілетсіз деп танылса, 1,5 мың адам төсек-орын режимінде.

Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдарында тұратындардың ішінде 5,7 мың адам – 17 жасқа дейінгі балалар, 2,7 мың адам – 18-29 жастағы жастар, 10,2 мың адам – 30-58 жастағы және 5 мың адам 59 жастан асқандар.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін күшейту және мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамтамасыз ету үшін жұмыс берушілерді ынталандыру мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмысқа орналастыру бойынша квотаны орындамайтын жұмыс берушілерге өтемақы төлемдерін енгізуді ұсынады. Бұл норманы 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізу жоспарланып отыр. Еңбек министрлігі жұмысқа орналасқан ЛСИ көрсеткішін 30%-ға дейін жеткізуді өз алдына мақсат қылып қойған. Мемлекеттік органдар мұның халықаралық стандарттарға сәйкес келетінін атап көрсетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу