Мұхтар Әбілязов пен Виктор Храпнуов ісі тоқтамайды – Бас прокуратура

817

Бас прокурордың орынбасары Андрей Лукин Виктор Хропунов жасырынып жүрген ел – Швейцария мен Қазақстан арасында ұстап беру туралы екіжақты келісім жоқ екенін айтты.

Мұхтар Әбілязов пен Виктор Храпнуов ісі тоқтамайды  – Бас прокуратура Фото: informburo.kz

Қашып жүрген банкир Мұхтар Әбілязов пен Алматы қаласының бұрынғы әкімі Виктор Храпнуовты қылмыстық жауапкершілікке тартуға қатысты жұмыс жалғасып жатыр, бұл істердің мерзімі ескірмейді, деп мәлім етті бас прокурордың орынбасары Андрей Лукин. 

"Жоқ. Мерзімі ескірген жоқ. Барлығы жалғасып жатыр. Тергеу де жалғасуда. Бұл адамдар қылмыстық жауапкершілікке тартылады", – деді Андрей Лукин парламент мәжілісінің сыртында журналистермен болған сұхбатта.

Сондай-ақ ол тап қазіргі уақытта бұрынғы әкім Виктор Хропунов жасырынып жүрген ел – Швейцария мен Қазақстан арасында ұстап беру туралы екіжақты келісім жоқ екенін айтты.

"Алайда бізде конвенцияның барлық түрі бар, сонымен қатар бізде бұрынғыдай өзара қарым-қатынас принципі бар. Себебі, көптеген Еуропалық елдермен экстрадицияны қоса алғанда, өзара қарым-қатынастарда заң көмегін ұсынамыз", – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу