Мысыр үкіметі ұлттық валютаны еркін айналымға жіберді

978

Мысыр үкіметі ұлттық валютаны еркін айналымға жіберді

Мысыр валютасы еркін айналымға жіберілді, деп хабарлайды 24 Хабар.

Енді жаңа бағам нарықтағы сұраныс пен ұсынысқа сәйкес реттелмек. Үкіметтің осы шешімінен кейін жергілікті банктер әдеттегідей емес, долларды 8 есе көп сатып алған. Сонымен қатар елдегі жанармай мен газ бағасы күрт шарықтай бастады.

Мемлекет бекіткен ұлттық валюта бағамы ұзақ уақыттан бері бір долларға шаққанда 8,88 фунт деңгейінде сақталып келген еді. Күні кеше ғана 13 фунт болып бекітілді. Мысырдың Орталық банкі енді шетел валютасындағы қаржы қоры жыл аяғына дейін 6 миллиард долларға өседі деген сенімде. Биылғы қыркүйекте қор көлемі 19 миллиардтан асып жығылған болатын. Билік фунт бағамын еркін айналымға жіберу шарасын "қара нарықпен", яғни долларды заңсыз айырбастаумен күресу үшін қолға алғанын мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу