Нұр-Сұлтанда жолаушылар автобусы мен "КамАЗ" соқтығысты

726

"Skoda Rapid" көлігінің 63 жастағы жолаушысы қалалық ауруханаға жеткізілді.

Нұр-Сұлтанда жолаушылар автобусы мен "КамАЗ" соқтығысты

Елордада "КамАЗ" автокөлігі 30 жолаушысы бар маршруттық автобусты соқты, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

"18 ақпан күні таңғы сағат 08.30-да Р. Қошқарбаев көшесі мен Абылайхан даңғылының қиылысында "КамАЗ" автокөлігінің 54 жастағы жүргізушісі рульді басқара алмай, №22 маршруттық автобусқа соғысты. Р. Қошқарбаев көшесі арқылы Ш. Құдайбердіұлы көшесіне бара жатқан автобус қатты соққыдан қарсы жолаққа шығып кетіп, Төлебаев көшесіне бара жатқан Skoda Rapid көлігімен соқтығысқан", – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Апат салдарынан "Skoda Rapid" көлігінің 63 жастағы жолаушысы қалалық ауруханаға жеткізілді. № 22 автобуста шамамен 30 жолаушы болды. Олардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ.

"КамАЗ" жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБК 610-бабына сәйкес, әкімшілік хаттама толтырылды. Тексеру жұмыстары жүріп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу