Ойын автоматына "тоналған" жігіт полицияға арызданды

794

Әйелінен қорыққан ол өзін тонап кетті деп арызданған.

Ойын автоматына "тоналған" жігіт полицияға арызданды

Алматы облысындағы Талғар ауданының тұрғыны ойын автоматына ақша салып, ұтылып қалған соң облыстық полиция департаментіне өзін тонап кетті деп арыз қалдырған.

Тәртіп сақшыларының анықтауынша, 33 жастағы ер адам осылайша отбасылық жанжалдан құтылғысы келген екен.  

Департаменттің баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, "жәбірленуші" жалған сөйлегені үшін енді заң алдында жауап береді. Ол ірі көлемде айыппұл арқалайды немесе еңбекпен түзету жұмыстарына, 200 сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартылуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу