Өзбекстан мен Қазақстан даму перспективалары мен өзара іс-қимылдың құқықтық негіздерін талқылады

829

Өзбекстан мен Қазақстан даму перспективалары мен өзара іс-қимылдың құқықтық негіздерін талқылады

Ташкентте Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы қатынастардың келісімшарттық-құқықтық базасын түгендеу және жетілдіру жөнінде екі елдің сыртқы істер министрліктері кезекті кеңесу шарасын өткізді, деп хабарлайды бейсенбіде өзбек СІМ-нің баспасөз қызметі.

"Тараптар ынтымақтастықтың келісімшарттық-құқықтық базасын түгендеді, екіжақты құжаттардың жобасын, сондай-ақ даму перспективалары мен өзара іс-қимылдың құқықтық негіздерін кеңейтуді талқылады", – делінген хабарламада.

Келіссөз барысында  сыртқы саясат ведомстволарының құқықтық қызметтерінің жұмысы туралы пікір алмасылды.

Өзбекстан СІМ мәліметі бойынша, екі ел арасында келісімшарттық-құқықтық база қалыптастырылған. Онда экономикалық ынтымақтастықты қамтитын 100-ге жуық мемлекетаралық, үкіметаралық және ведомстоаралық құжат бар. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу