Путин мен Байден Рейкьявикте кездесуі мүмкін

1707

Ресей басшысы Трамппен 2018 жылдың 16 шілдесінде Хельсинкиде жүздескен еді.

Путин мен Байден Рейкьявикте кездесуі мүмкін

Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Джо Байден Рейкьявикте кездесуі мүмкін, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы Ресей ғылым академиясының АҚШ және Канада институтының ғылыми жетекшісі академик Сергей Роговтың мәлімдемесіне сілтеме жасап. 

Рогов 1986 жылы Рейкьявикте КСРО басшысы Михаил Горбачев пен АҚШ президенті Рональд Рейганның кездескенін тілге тиек ете келе, басқосу бірінші қырғи қабақ соғыс кезіндегі шиеленістің бәсеңдеуіне себеп болғанын еске салды.

"Ядролық соғыс болмауы керек, ядролық соғыста "жеңімпаз жоқ" деген формуланы Горбачев пен Рейган сияқты Путин мен Байденнің де сақтауына мүмкіндік береді бұл кездесу", – деді Рогов.

Дегенмен,оның айтуынша, ресейлік-америкалық қарым-қатынас жақсармайды.

"Бірақ екі президенттің телефон арқылы сөйлесуі қарым-қатынасты тұрақтандыруға, одан әрі нашарлауына жол бермеуге септігін тигізеді, сонымен қатар әскери шиеленіс пен соғыс қаупіне қатысты келісімдерге қол жеткізуге ықпал етеді",– деп сөзін түйіндеді Рогов.

13 сәуірде Байден Путинге қоңырау шалып, жақында басқа бір елде кездесу өткізуді ұсынды. Америкалық президент Ресеймен тұрақты қарым-қатынас орнатқысы келетінін жасырмады. Путин мен Трамптың толық форматты кездесуі 2018 жылдың 16 шілдесінде Хельсинкиде өткен болатын.

Табиғат Нұрболат

Фото: bbc.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу