Республика бойынша ең аз жалақыны орманшылар алады

2434

Қостанай облысындағы алапат өрттен кейін елдегі орман шаруашылығы өзекті мәселеге айналды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Республика бойынша ең аз жалақыны орманшылар алады

Мәжіліс отырысында "Amanat" партиясының депутаттары орманшылардың әлеуметтік жағдайына байланысты Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың атына депутаттық сауал жолдады.

"Осы күзде Қостанай облысында болған өрт елді мекендер үшін әлеуметтік-экономикалық мәселеге айналды. Сонымен қатар бұл экологиялақ апат. Қазақстан орманы аз елдер қатарында. Ормандардың тең жартысы сексеуілдердің үлесіне келеді.  Еліміздегі барлық ормандар қорғалған және өңірлердің экологиялық, әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығы үшін маңызды. Мұндағы бар жауапкершілік орман шаруашылықтарына жүктеледі. Жақында болған орман өрттері олардың қазіргі жағдайын әшкереледі", – деді депутаттық сауалды жолдаған Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Вера Ким.

Оның айтуынша, осы орайда екі мәселеге назар аудару керек. Біріншісі, материалдық-техникалық қаматамасыз база.

"Бұл ұйымдар облыстық бюджет және орман шаруашылықтары есебінен қаржыландырылады. Сондықтан оларға бірдей сома бөленбейді. Егер елдегі ормандардың материалдық-техникалық базаларына назар аударсақ, олар 70-ші жылдар, яғни Кеңестік кезіндегі техника музейіне көбірек ұқсайды", – деді Вера Ким.

Екінші мәселе – кадр тапшылығы. Соңғы жалақының көтерілгенін ескергеннің өзінде орманшылардың жалақысы елдегі ең төмен деңгейде.

"Қызметкерлер әлеуметтік көмекпен қамтамасыз етілмейді, қосымша қаржы қарастырылмаған. Соған қарамастан олар алыс аймақтарда тұрады. Біліктілігін жоғарылату курстары қарастырылмаған. Елімізде сала мамандарын даярлайтын 30 оқу орны бар. Олардың да материалдық-техникалық базасы төмен деңгейде. Бір курста оншақты бала оқиды, кейін мамандығы бойынша жұмыс істемейді. Салада еңбек етіп жүргендердің тек үштен бірінің арнайы білімі бар. Орман қорын қалпына келтіру керектігін ескере отырып, аталған ұйымдардың материалдық-техникалық базасына қаражат бөлу қажет деп есептейміз. Сала мамандарының жалақысын көбейту, оқытуға жіберу, "Дипломмен ауылға" жобасына орманшыларды қосу, ғылыми зерттеу институттарына көңіл бөлу керек", – деді Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі.

Құралай Құдайберген

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу