Республикалық маңызы бар жолдардың 70 пайыздан астамы ақылы болады

986

Республикалық маңызы бар жолдардың 70 пайыздан астамы ақылы болады

2022 жылға қарай республикалық маңызы бар ақылы көлік жолдарының үлесі 72%-ға дейін өсуі мүмкін. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол"-дың 2013-2022 жылдарға арналған стратегиясындағы түзетуде көрсетілген деп хабарлайды LS.
Инвестициялар және даму министрлігінің мәліметіне сүйенер болсақ, мұндай жолдардың жалпы ұзындығы 23 мың шақырым. 
2018 жылы ақылы жолдардың үлесі 25%, 2019 жылы – 27% болады. 2020 жылы бұл көрсеткіш бірден 45%-ға, ал 2021 жылы – 63%-ға дейін өсуі мүмкін. Құжатта бұл көрсеткіштерге қол жеткізу көлік жолдарының құрылысына, қайта қалыпқа келтіруге және жөндеу жұмыстарына тәуелді болады деп көрсетілген. 
2020 жылға қарай "Орталық-Шығыс" халықаралық дәлізін қайта қалыпқа келтіруді аяқтау жоспарланып отыр. Содан кейін "Орталық-Оңтүстік" және "Орталық- Батыс" жобаларын іске асыру жалғасады. Сондай-ақ стратегияға сәйкес, "Астана-Қостанай-Челябинск , "Таскескен-Бақты", "Омбы-Майқапшағай", "Үшарал-Достық", "Самара-Орал-Ақтөбе", "Атырау-Ақтөбе" және "Атырау-Ақтау", "Астана-Петровал- Ресей Федерациясының шекарасы", "Бейнеу-Ақжігіт", "Орал-Тасқала" жолдарының учаскесіндегі желілерді дамыту бойынша жұмысты аяқтау қажет болады. Бұнымен қосағ, республикалық маңызы Алматы-Өскемен, Ақтау-Бейнау, Қостанай-Қарабұтақ, Үшарал-Достық, Осинов асуы, Таскескен-Бақты, Щучинск – Зеренді және Қордай асуын айналып өту автотрассасы қайта қалыпқа келтірілетін болады. 
Жоғарыда аталған жобаларды 2021 жылға қарай жүзеге асыру қорытындысы бойынша I және II техникалық категориялы көлік жолдарының санын 33%-ға дейін арттыру көзделіп отыр. 
Сонымен қатар жалпы ұзындығы 10,2 мың шақырым болатын республикалық маңызы бар трассаға күрделі, орташа жөндеу жұмысы жүргізілмек. Бұл ретте олардың "жақсы" және "қанағаттанарлық" техникалық жағдайдағы үлес 2020 жылға қарай 88% болады. 
Көлік жолы саласын дамыту аясында республикалық маңызы бар көлік жолдары учаскесінде интеллектуалды көлік жүйесі элементтерімен ақылы қозғалысты ұйымдастыру мүмкіндігі қарастырылды. Интеллектуалды көлік жүйесі қарқындылық,бақылау және қозғалыс жылдамдығын реттеу, цифрлы геолакция, қозғалыстың видеомониторингін, метомәліметтерді, жол активтерін мемлекеттік жүйені басқаруды есепке алуды көздейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу