Сенат баланың құқықтарын жаңа тәртіпте қорғайтын құжатты қабылдады

932

Балалардың қараусыз және панасыз болуына жол бермеудің жаңа формасы ретінде медициналық-әлеуметтік есептілік енгізілді.

Сенат баланың құқықтарын жаңа тәртіпте қорғайтын құжатты қабылдады

Парламент сенатының жалпы отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметімен байланысты мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңын екі оқылымда қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл заң жобасын мәжіліс депутаты Светлана Бычкова таныстырды.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінде заңдар баланың қиын өмірлік жағдайға тап болуын бағалайтын негіздемелердің түрлі тізбесін қамтиды. Нақты түрде балаларға қажетті арнайы әлеуметтік қызметтер жүйесін кімдердің қалыптастыратыны ашық мәселе күйінде қалып отыр. Осыған байланысты заң жобасында кәмелетке толмағандар үшін қиын өмірлік жағдай түсінігі сәйкестендірілді.

"Балалардың қараусыз және панасыз болуына жол бермеудің жаңа формасы ретінде медициналық-әлеуметтік есептілік енгізілді. Бұл тұрғыда балаға арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсетудің негізі пысықталды", – деді Светлана Бычкова.  

Осы шаралар қиын өмірлік жағдайға тап болған жеткіншектердің медициналық-әлеуметтік паспорттарын енгізуге негіз болады. Яғни, қиын жағдайдағы әрбір бала әр өңірде жүйеленген түрде есепке алынып, оған назар аударылады.

Сонымен қатар, ол арнайы білім беру ұйымдарында жүрген кәмелетке толмағандарға қатысты келеңсіздіктерге жол бермеу мәселесіне тоқталды. Мәселен, арнайы мектепті тәмамдаған баланың білімі туралы куәлігінде оның девиантты мінез-құлықты жеткіншектерге арналған оқу орнын аяқтағаны туралы көрсетіледі. Алайда бұл жағдай стигматизацияға алып келеді және баланың алдағы өмірінде әлеуметтенуіне кедергі келтіреді. Заң жобасында бұл жағдайды түзетуге негізделген нормалар енгізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу