ШҚО-да көмірдің "жыры" жылдағыдан ерте басталды

779

2017 жылы көмірді жеткізуге байланысты мәселе туындаған болса, осы жолы оның бағасы наразылық тудыруда. 

ШҚО-да көмірдің "жыры" жылдағыдан ерте басталды

ШҚО-да көмірге қатысты дау-дамай жылыту маусымына дейін басталып қойды, деп хабарлайды .

2017 жылы көмірді жеткізуге байланысты мәселе туындаған болса, осы жолы оның бағасы наразылық тудыруда. Бір жарым айдай уақыт бұрын облыс орталығында қара алтынның бағасын реттейтін меморандумға қол қойылған еді. Бұл құжат бойынша, әлеуметтік көмірдің бағасы 8,3 мың, ал оның бөлшек саудадағы бағасы 8,8 мың теңге болуға тиіс. Соған қарамастан, облыстың кейбір аудандарында көмір бағасы екі еседен аса қымбаттап, 17 мыңға дейін шарықтап кеткен.

Саудагерлер бағаның өсуін көлік шығынымен байланыстырып отыр. Алайда облыстық ТҮКШ басқармасы басқа себепті  негізге алады.

"Алып сатушылар көмірді арзан бағамен сатып алып, аудандарға өз бағасына өткізіп жүр. Ал біз аудандардағы көмір бағасын реттеуге құзырлы емеспіз", – дейді энергетика бөлімінің басшысы Нұрлан Рамазанов.

Сондай-ақ, күз мезгілінде көмір тапшылығы орын алуы мүмкін. ТҮКШ басқармасы көмірді алдын ала сатып алуға кеңес береді.

"Жүк тасымалдаушылар бірнеше күн карьерде жүруге мәжбүр. Сондықтан бағаны да өсіреді", – дейді Нұрлан Рамазанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу