Шымкентте кілемдер жəрмеңкесі басталды

2974

Шара қазан айының 21-не дейін жалғасады.

Шымкентте кілемдер жəрмеңкесі басталды

Шымкентте кілемдер жəрмеңкесі басталды. Жәрмеңке 11 күнге созылады. Осыған дейін тек отандық кілемдер ұсынылып келген болса, бұл жолы әлемдік бренд тоқыма өнімдеріне де арнайы орындар берілген, деп хабарлайды otyrar.kz.

Жәрмеңкеге Иран, Бельгия, Түркиядан әкелінген тоқыма өнімдерінің де түр-түрі әкелінген. Бағасы нарықтағыдан арзан дейді ұйымдастырушылар.

"Жәрмеңкедегі кілемдер нарықтағыдан 20-30 пайызға арзан сатылып жатыр. Қазір біз шикізатты өзіміз өндіріп жатырмыз. Бұл тауардың өзіндік құнына айтарлықтай әсер етуде. Біздің тауарлардың бағасы қазір 20 пайызға дейін арзандады", - дейді "Балтекстиль" ЖШС директоры Талғат Ысқақов.

Бағасы 200 теңгеден басталатын кілемшелер мен қоса әр шаршы метрі 30 мың теңгеге бағаланып отырған қол кілемдері де бар. Жәрмеңке қазан айының 21-не дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу