СҚО-да өсімдік майы зауыты іске қосылды

1127

СҚО-да өсімдік майы зауыты іске қосылды

Солтүстік Қазақстан облысында өсімдік майы зауыты ашылды, деп хабарлайды 24 Хабар.

Кәсіпорынның тұсауын телекөпір кезінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кесті. Бұл – Қазақстан мен Қытай елдерінің бірлескен жобасы. Оның бірінші кезеңін жүзеге асыруға 7 млрд теңгеден астам қаржы құйылды. Индустрияландыру картасы бойынша салынған өндіріс ошағы жылына 300 мың тонна майлы және дәнді-дақылдарды терең өңдеп, табиғи таза өнім ала алады. Оның бір бөлігі Қытай нарығына шығарылады.

Айта кетейік, зауыт 60 адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік берді.

"Осындай технология Қазақстанда бірінші рет жасалып жатыр. Біріншіден, рапстың температурасы 100 градусқа дейін көтеріледі. Одан кейін қуырылады. Екінші кезекте 120 градусқа дейін қуырылады. Одан кейін май шығарылады", – деді өсімдік майы зауытының тең құрылтайшысы Сәкен Мұхамадиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу