Солтүстікқазақстандықтар көп жұмыс істесе де айлыққа жарымай отыр

928

Өңірдегі кедейлік деңгейі еліміз бойынша ең жоғарылар қатарында.

Солтүстікқазақстандықтар көп жұмыс істесе де айлыққа жарымай отыр Фото: inbusiness.kz

2021 жылдың бірінші тоқсанында бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 230,8 мың теңгені құрады. Өткен тоқсанда орташа жалақы 233,1 мың теңге, бір жыл бұрын 200,3 мың теңге болды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы finprom.kz сайтына сілтеме жасап .

Өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда жалақының сатып алу қабілетінің нақты өсуі 7,4% - ды құрады. Бұл кәсіпкерлікпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алмағандағы көрсеткіш.

Тек төрт өңірде орташа айлық жалақы орташа республикалық мәннен жоғары. Атырау облысы көш бастап тұр (орташа жалақы — 405,8 мың теңге). Одан кейінгі орындарға Маңғыстау облысы (344,3 мың теңге), Нұр-сұлтан (307,5 мың теңге) және Алматы (268,5 мың теңге) қалалары орналасқан.

Қалған өңірлерде орташа айлық жалақы орташа республикалық мәннен төмен. Ең төменгі орташа жалақы Солтүстік Қазақстан облысында (166,7 мың теңге). Бұл  — ел бойынша орташа көрсеткіштен 27,8%-ға, ал жетекші Атырау облысына қарағанда 2,4 есе аз.

2021 жылдың бірінші тоқсанында жұмыспен өтелген сағаттардың ең көп саны жалақысы ең жоғары Атырау облысына тиесілі (457,6 сағат немесе орта есеппен 1 айда 152,5 сағат).

Бір қызығы, екінші орында айлық жалақысы ең аз Солтүстік Қазақстан облысы тұр (447,7 сағат немесе орта есеппен 1 айда 149,2 сағат).

Салыстыру үшін: Маңғыстау облысында 2021 жылдың бірінші тоқсанында бір қызметкерге есептегенде жұмыс істеген уақыты 447,3 сағатты немесе орта есеппен 1 айда 149,1 сағатты құрады. Ал орташа айлық жалақы бойынша облыс екінші орында.

Бұл ретте 2030 жылға дейінгі орнықты даму мақсаттарының бірі үдемелі, жан-жақты және орнықты экономикалық өсуге, толық және өнімді жұмыспен қамтуға және баршаға лайықты жұмыс істеуге жәрдемдесу екенін ұмытпау керек. Сонымен қатар, іс жүзінде орташа жалақы өңірлерде айтарлықтай өзгеріп отырады. Бұдан бөлек, жұмыс істеген уақыты бойынша ТОП-3 өңірге жалақысы ең жоғары екі облыстан басқа, ел бойынша ең төмен айлық алатын облыс кіреді.

Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен халықтың үлесі 2020 жылы ҚР бойынша 5,3% - ды құрады. Ең жоғары жалақы алатын ТОП-3-тің екі өңірінде табысы төмен халықтың үлесі ел бойынша орташа көрсеткіштен едәуір төмен: Нұр-Сұлтанда (барлығы 1,5%) және Атырау облысында (3%). Алайда Маңғыстау облысының көрсеткіші керісінше республикалық орташа мәннен жоғары (5,7%).

Жалақысы ең төмен өңірлер арасында табысы төмен халықтың үлесі мынадай: Шымкентте — 5% (орташа республикалық деңгейден төмен), Жамбыл облысында — 5,8%, Солтүстік Қазақстан облысында – 6,7%.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу