SpaceX полигонында Starship әуе кемесінің алғашқы үлгісі жарылды

1313

Апаттың видеосын NASAspaceflight сайты жариялады.

SpaceX полигонында Starship әуе кемесінің алғашқы үлгісі жарылды

Starship Mk1 Техас штатындағы Бока Чика полигонында сынақтан өткен. Бірақ оның жанармай багы криогендік сұйықтықпен толтырылғаннан кейін, оны өрт шарпыған. Апаттың видеосын NASAspaceflight сайты жариялады. 

Илон Масктің компаниясы Starship зымыранын Жер бетінен 20 шақырым қашықтыққа осы жылдың желтоқсан айында ұшырмақшы болған. Сарапшылардың айтуынша, апат кесірінен енді Starship бағдарламасы бірнеше айға созылуы мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың қыркүйек айында Илон Маск SpaceX-тің Mk3 зымыранының жетілдірілген нұсқасымен айналысатынын мәлімдеген еді. Айтуынша, Mk3-ті құрастыру Mk1-ге қарағанда үш есе аз уақыт алады. 

Табиғат Нұрболат

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу