Стамбұл әуежайында 9,5 млн долларды тасымалдаған жеті адам тұтқындалды

1039

Стамбұл әуежайында  9,5 млн долларды тасымалдаған жеті адам тұтқындалды

Стамбұл әуежайында декларацияланбаған 9,5 млн долларды  тасымалдағаны үшін  ұсталған жетеудің бірі  Қырғызстан азаматы болып шықты, деп хабарлайды осы елдің СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған  РИА "Новости".

"18 қарашада "Ататүрік" әуежайында ұшып келген бойда жеті адам ұсталды, олардың қатарында бір ҚР (Қырғыз Республикасы – ред) азаматы бар.  Алдын ала мәлімет бойынша, олар декларацияланбаған жалпы құны  9,5 млн АҚШ долларын алып ұшқан", – делінеді хабарламада.

Ведомствоның мәліметі бойынша,  тексеру жүргізілген соң ұсталғандар  Стамбұлдың Қауіпсіздік бақармасының қаржылық қылмыстармен күрес департаментіне тапсырылды. Қазіргі таңда тасымалданған ақшалай қаражаттың қайдан алынғаны анықталып жатыр.  Қырғызстанның Стамбұлдағы бас консулдығы өз елінің ұсталған азаматы туралы деректерді тексеруде.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу