Тауарларды таңбалауда отандық бизнесмендер мемлекеттен қолдау күтеді

966

Болашақта тек ішік-тон, аяқ киім, темекі не дәрі ғана емес, кез келген тауардан бес ел мойындаған таңбаның болуы талап етілуі мүмкін. 

Тауарларды таңбалауда отандық бизнесмендер мемлекеттен қолдау күтеді

Қазақстанда тауарлар жаппай таңбаланады. "Атамекен" кәсіпкерлердің ұлттық палатасы бұған отандық бизнестің қаншалықты дайындығын пысықтауда. Осы мақсатта палата жанынан тауарларды таңбалау мәселелерін талқылау жөніндегі жобалық кеңсе құрылды, деп хабарлайды abctv.kz.

Яғни, болашақта тек ішік-тон, аяқ киім, темекі не дәрі ғана емес, кез келген тауардан бес ел мойындаған таңбаның болуы талап етілуі мүмкін. Бұл марка тегін емес, ол үшін ақы талап етіледі және шығыны бірнеше миллион теңгеге жетеді.

Айтқандай, осы мәселеге тағы бір палата араласып отыр. Парламент мәжілісінің депутаттары бүгінгі жалпы отырыста "Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау туралы келісімді" ратификациялайтын заң жобасын қабылдап, жоғарғы палатаға жолдады. Құжаттың мән-жайын түсіндірген қаржы министрі Әлихан Смайыловтың айтуынша, бұл келісімге 2018 жылдың 2 ақпанында Алматыда, еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысында үкімет басшылары қол қойып, бекіткен екен.

Таңбалау жүйесі аса қымбатқа түсетіндіктен, отандық бизнесмендер мемлекеттен қолдау күтіп отыр.

"Бұл да маңызды. Өйткені таңбалау бойынша негізгі қаржылық ауыртпалықты бизнес көтереді. Ал таңбалауды енгізуден келетін пайданы мемлекет көреді. Демек, кәсіпкерлерді бұл істе демеп жіберу қажет-ақ", – дейді "Атамекен" басқарма төрағасының орынбасары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу