АҚШ, Канада, Аустралия, Жаңа Зеландия елдерінде қытайлық TikTok-тың бизнесін бақылау бойынша келіссөздер аяқталды. Бұған дейін америкалық Microsoft Bytedance-пен серіктес орнату жағын талқылап жатыр деп хабарланған еді. Бірақ тараптар мәмілеге келе алмады. Енді оның технологиялық серіктесі болып Oracle бекітілді. Бұл туралы The Wall Street Journal басылымы хабарлады.
Алдағы уақытта Oracle сервистің АҚШ территориясындағы технологиялық қамтамасыз ету мәселелері мен тұтынушылардың қауіпсіздігіне байланысты әрекеттерді қадағалап отырады.
Еске сала кетсек, 6 тамызда Ақ үй басшысы Дональд Трамп ByteDance-тың Құрама Штаттарда бизнес жүргізуіне тыйым салатын және 20 қыркүйекке дейін кез келген америкалық компанияны TikTok-ты сатып алуға міндеттейтін жарлыққа қол қойған еді. Ал бұған дейін Үндістан қытайлық сервистің ел аумағында жұмыс істеуіне тыйым салған болатын.
Табиғат Нұрболат