Түркістан облысында дәретханасы сыртта орналасқан 23 мектепке айыппұл салынды

1123

Өткен жылы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары тарапынан жүргізілген тексерулер барысында Түркістан облысындағы 23 мектептің  ғимараты ішінен дәретханалардың жоқтығы анықталды. Яғни, Сарыағашта – 13, Мақтааралда – 4, Отырарда – 2 және Түркістан қаласы, Төлеби, Бәйдібек, Жетісай аудандарындағы  мектептерде ішкі дәретханалар мәселесі шешілмеген, деп хабарлайды inbusiness.kz Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Түркістан облысында дәретханасы сыртта орналасқан 23 мектепке айыппұл салынды

Кемшілікке жол берген 29 лауазымды тұлғаға 230 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Елімізде соңғы жылдары сыртқы дәретханаларға қатысты тіркелген келеңсіз жағдайларға байланысты мектеп дәретханаларының сыртта орналасуы балалардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіруі мүмкін екендігі белгілі болды. ​​​​​​​

Денсаулық сақтау министрілігі тарапынан бекітілген санитариялық қағидаларында – балалардың денсаулығы мен санитариялық гигиена талаптарының қатаң сақталуы, өскелең ұрпақтың психологиялық тұрғыдан дұрыс қалыптасуына жан-жақты мән берілген.

​Жүргізілген тексерулер кезінде мектептерде сыртқы дәретханалардың қолданылуымен қатар ішкі санитариялық тораптардың санитариялық талаптарға сәйкестігіне және уақытылы тазаланып, дезинфекциялануына назар аударылады.

Әсіресе қарапайым жеке бас гигиенасын сақтау ережелерін ұстану үшін мектеп дәретханаларына төмендегідей талаптар  қойылады:

- Оқушыларға арналған дәретханалардың (қыздарға, ұлдарға бөлек), қолжуғышардың болуы;

- Техникалық және кәсіптік білім, орта білімнен кейінгі білім және ЖОО білім алушыларына арналған студенттік жатақханаларда 4-6 адамға 1 себезгі, 1 қол жуатын раковина және 1 унитаздың орнатылуы;

- Персоналдардың дәретханалары және қолжуғыштарының болуы (жеке);

- Тамақ ішетін залдар жанындағы қолжуғыштардың болуы;

- Нысандарда кәріз жүйесінің жүргізілуі;

- Объектілердің санитариялық тораптарында унитаздардың қойылуы;

- Қол жуатын раквиналар, қолды жууға және кептіруге арналған құралдар, қоқыс жинауға арналған қоқыссалғыштардың болуы;

- Ас блогын және дәретханаларды күн сайын дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып жинау;

- Дәретханаларда еден, есік тұтқалары, кранның құлақтары, раковиналар және унитаздады күн сайын дезинфекциялау т.б.

Облыста жыл сайын пайдалануға берілетін мектептер саны да артып келеді. Жаңадан ашылып жатқан жекеменшік және мемлекеттік білім беру нысандардың ішкі дәретханалармен қамтамасыз етілуі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің жіті қадағалауында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу