Түркияның Еуропалық одаққа ену мәселесі кейінге қалдырылды

1099

Түркияның Еуропалық одаққа ену мәселесі кейінге қалдырылды

Еуропалық парламент Страсбургте өткен пленарлық сессиясында Түркияның Еуроодаққа енуі туралы келіссөздерді кейінге қалдыруды үндейтін қарарды мақұлдады, деп жазады "Прайм".

"Жалпы алғанда, қарар мақұлданды", – деп мәлімделді дауыс берудің қорытындысын жариялау кезінде. "Интерфакстың" хабарлауынша, 479 депутат Анкара мен Брюссель арасында келіссөздерді тоқтатуды жақтап дауыс берсе, 37-сі – қарсы, тағы 107 депутат қалыс қалған.

Өткен аптада Еуропа парламентінің басшысы Федерика Могерини Еуроодақтың 28 мүше елдері атынан Түркиядағы жағдайларға байланысты алаңдаушылық білдірген болатын. Атап айтқанда, өлім жазасын қайта қалпына келтіру туралы, сөз және БАҚ еркіндігін шектеу туралы, сондай-ақ түрік парламентіне Халықтық-демократиялық күрдшіл партиясы атынан сайланған депутаттарды қамауға алу жәйттері сөз етіліп отыр. Еуропалық одақ Анкараның іс-әрекеті оның Еуроодаққа енуге деген ынтасына көлеңке түсіреді деп мәлім етті.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан біраз бұрын Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Еуроодаққа қосылуға ұмтылудың мәнісін айқындап алу үшін Анкара келер жылы референдум өткізетінін тілге тиек еткен болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу