Тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша 6 шағымның біреуіне ғана әкімшілік жаза тағайындалады

788

Қазақстан бойынша орташа есеппен 1 000 тұрғынға шаққандағы алты өтінішке полицияға әкімшілік жауапкершілікке тартудың екі фактісі ғана тіркелген, деп жазады inbusiness.kz..

Тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша 6 шағымның біреуіне ғана әкімшілік жаза тағайындалады Фото: halyhline.kz

 "Тұрмыстық зорлық-зомбылық оқиғаларының саны мен оған байланысты қолданылатын жаза көлемі бір-біріне пара-пар келмейді.  Мұндай қылмыс түріне байланысты қолданылатын жазаның жеңілдігі шағымданушылардың аз болуына немесе тіпті зорлық көрсе де шағымданбауына түрткі болуы мүмкін", – дейді Zertteu Research Institute Қоғамдық қорының директоры Шолпан Әйтенова.  

Жүргізілген зерттеулер қорытындысына сәйкес, қазіргі елімізде қолданылатын тұрмыстық зорлық-зомблықпен күрес жүйесі зардап шеккен тараптың құқын барынша қорғауға ықпал ете алмайды және зорлық-зомбылықтың қайталануына тосқауыл бола алмайды. 

Шолпан Айтенованың дерегінше, Құқық қорғау Академиясы жүргізген зерттеулерге сәйкес, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған жандардың 70 тен 90%-іне дейін құқық қорғау органдарына шағымданбайды. Сондықтан 2021 жылы тұрмыста зорлық көрдім деп шағымданған 114 000 адамдар, нағыз зардап шеккен жандардың ¼ бөлігі ғана болуы мүмкін. 2021 жылы  Қазақстан бойынша 500 мыңға жуық адам тұрмыстық зорлық-зомбылыққа душар болуы ықтимал, дейді спикер.  

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Қазақстандағы Фридрих Эберт Қорының өкілдігі, "Дағдарыс орталықтарының одағы" ЗТБ және "Zertteu Research Institute" қоғамдық қоры. "Қазақстандағы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күреске арналған шығындарды талдау және бағалау" зерттеуінің алдын ала қорытындыларын жариялады

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу