Ұлттық банк "Көкбөрі" коллекциялық монеталарын айналымға шығарады

1751

Ұлттық банк "Көкбөрі" коллекциялық монеталарын айналымға шығарады

ҚР Ұлттық банкі 2018 жылғы 28 қарашада номиналы 5 000 және 500 теңгелік күмістен, номиналы 200 және 100 теңгелік мельхиор қоспасынан "Көшпенділердің ғибадат жануарлары – тотемдері" монеталар сериясынан "Көкбөрі" коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады, деп хабарлайды банктен.

Көкбөрі (көк қасқыры) – ежелгі түріктердің нанымында басты тотемдік жануарлардың бірі. Рух-баба, рух-қорғаушы, бүкіл әлемді басқаратын тәңір. Көшпенді халықтың наным-сенімінде қасқыр көк аспанмен байланысты барынша маңызды нышандардың бірі болып есептелді.

Номиналы 5 000, 500, 200 және 100 теңгелік коллекциялық монеталар елдің бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есептеу үшін және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.

Коллекциялық монеталарды "Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Қазақстан теңге сарайы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны дайындаған.
Монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналған.

Күміс монеталар кәдесыйлық ораумен шығарылады және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған.
"Proof-like" дайындау сапасы бар мельхиор қоспасынан дайындалған монеталар кәдесыйлық ораумен шығарылады.

"Brilliant uncirculated" дайындау сапасы бар мельхиор қоспасынан дайындалған монеталар арнайы полиграфиялық ораумен шығарылады.

Коллекциялық монеталарды Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің барлық аумақтық филиалдарында, сондай-ақ www.nationalbank.kzсайтындағы Интернет - дүкен арқылы сатып алуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу